Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының ұйытқы болуымен Қостанай облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы мен облыстық «Тілдарын» орталығы бірлесе отырып «Жетілдірілген әліпби: ерекшеліктері мен артықшылықтары» атты облыстық семинар өткізді.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жетілдірілген әліпби жобасымен таныстыру, оның артықшылықтары мен ерекшеліктерін түсіндіру мақсатындағы семинар онлайн форматта Zoom платформасы арқылы өтті.
Шараға білім басқармасының, тілдерді дамыту басқармасының мамандары, қалалар мен аудандар білім бөлімдерінің «рухани жаңғыру» бағдарламасына жауапты мамандар, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің әдіскерлері және мұғалімдер, облыстық «тілдарын» орталығының мамандары қатысты.
Алғашқылардың білі болып сөз алған Облыстық тілдерді дамыту басқармасының бөлім басшысы Кенжеғали Бимағанбетов:
– Өткен бір жылдың ішінде ауқымды жұмыстар жүргізілді. Қазақстандықтар өз тарапынан 40-қа жуық латын графикасына негізделген қазақ әліпбиінің нұсқаларын ұсынды. Сол нұсқалар еліміздің беделді тілтанушылары мен филологтерінен тұратын Орфографиялық жұмыс тобында талай талқыдан өтіп, осы уақыт аралығында екі рет республикалық ашық талқылау өткізілді, – дей келе, ұсынылып отырған жетілдірілген жобаға тоқталып, жобаның теориялық негіздерін Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты жүргізді, ал Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» Ұлттық ғылыми-практикалық орталығы емле жобасын мәдени жұртшылық арасында түрлі сынамадан, сараптамадан өткізгендігін атап өтті.
Артынша сөз кезегін алған «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығының әдіскері Айнұр Нұрбекова «Жетілдірілген әліпбидегі диактритикалық таңбалар» атты тақырыпта баяндама жасап, онлайн семинардың қатысушыларына жетілдірілген әліпби жобасының ерекшеліктерін атап өтті. Жетілдірілген жаңа әліпби жобасында 31 таңба бар. Ұлттық дыбыстарды белгілеу үшін, туысқан түрік тілдері мен бірқатар еуропалық тілдердің тәжірибесіне сүйене отырып, жетілдірілген әліпби нұсқасында қазақ тілі фонемаларын мағынасын бере алатын диакритикамен 6 әріп берілген: (умлаут (ә – ä, ө – ö, ү – ü), бревис (ғ – ğ), макрон – (ұ – ū), седіл (ш – ş).
Естеріңізге сала кетейік, үстіміздегі жылы қаңтар айының 28-інде қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі ұлттық комиссия отырысында жауапты министрліктер латын графикасына негізделген қазақ тілі әліпбиін жетілдіру бойынша атқарылған жұмыстар туралы баяндап берді. Сондай-ақ, жетілдірілген әліпбидің жобасы, емле ережелерінің жобасы мен қазақ тілі әріптерінің пернетақтада орналасу тәртібі ұсынылып, Ұлттық комиссиямен мақұлданды. Ендігі кезекте белгіленген тәртіппен бекіту үшін Қазақстан Республикасы Президентіне ұсынылды.
Алдағы уақытта жұмыс барысы ойдағыдай болып, латын графикасына негізделген қазақ әліпбиінің жетілдірілген жобасы Мемлекет басшысы тарапынан бекітілер болса, облыс көлемінде ғана емес, республикалық деңгейде де тіл мамандарын оқыту курстары бастау алып, халыққа насихаттау бағытындағы жұмыстар бірте-бірте атқарылмақ.
Жамал ШАУКЕН,
суретті түсірген
Ерболсын АХАНОВ
Я непоколебимо верю, что наука и мир восторжествуют над невежеством и войной, что народы сойдутся друг с другом не для разрушения, а для созидания, и что будущее принадлежит тем, кто сделает более для страждущего человечества.
Величайшие открытия рождаются из простых наблюдений, если смотреть на мир с пытливостью ребёнка.
Наука должна служить людям, а не оставаться в стенах академий. Наука не имеет родины, потому что знание принадлежит всему человечеству.
На той ступени развития, которой мы достигли и которая обозначается именем «новейшей цивилизации», развитие наук, быть может, ещё более необходимо для нравственного благосостояния народа, чем для его материального процветания.
Учитель – это светоч нации. Ежедневным кропотливым трудом каждый из вас вносит неоценимый вклад в развитие страны. Вы сеете семена знаний в молодые сердца и растите мыслящую нацию. Ибрай Алтынсарин говорил: «Превыше всего я ценю хорошего учителя». Педагог – ключевая фигура в построении будущего страны, поэтому ему должно быть отведено достойное место в обществе.