Жол саласының мамандарына сұраныс жоғары

Выпуск - №000(000)   :   04.02.2022
248

Кез келген істің сапасы өзінің ісіне шынайы берілген, шебер мамандарға байланысты екені белгілі. Әрине, мамандық таңдар алдында «Оған деген қажеттілік бар ма?», «Мамандар тапшы ма?» деген сұрақтарға да ас мән берген жөн. Бүгінде үлкен маңызға ие мамандықтардың ішінде жол саласының мамандарына сұраныс жоғары.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Парламенті Мәжілісінің отырысында сөйлеген сөзінде: «Жаңа экономика құру үшін жоғары оқу орындарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру маңызды. 2025 жылға қарай елімізде беделді шетелдік университеттердің кемінде 5 филиалын ашу қажет деп санаймын. Бұл ретте техникалық еңістігі бар ЖОО-ның екі филиалын еліміздің батысында ашу қажет. Жалпы, бәріміз білімге деген көзқарасты өзгертуіміз керек. Гуманитарлық мамандықтарға әуестену кезеңі өтті, техникалық мамандықтарға басымдық беру керек. Инженерлер мен өнеркәсіпшілердің жаңа буынын өсіру қажет», – деп атап өтті.

«Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» РМК Қостанай облыстық филиалы жол саласы мамандығына жастардың бетбұрыс жасау үшін кездесулер өткізіп келеді. Екі жыл бұрын аталмыш орталықтың Қостанай облыстық филиалының қызметкерлері «1000 мектеп» акциясын қолға алған еді. Нәтижесінде бүгінде республика бойынша 7391 мектептің 2542-сі қамтылды. Сондай-ақ онлайн-режимде бірден 600 оқушымен кездесу өткізілді. Қостанай облысында өткен жылы 93 мектеп қамтылды. Оған қоса мекемеде 2020-2021 жылдары бірнеше ақылы тәжірибеден өтті. Оның ішінде мамандық иесі атанып, маусымдық жұмысқа қабылданғандары да бар. Президент тапсырмасы аясында орталық жұмыстардың жандана беретіндігін де айтып отыр.


Еділхан ХАМЗИН
№15 ЖББМ информатика
пәнінің мұғалімі,
Қостанай қаласы

ГЛАВНЫЕ НОВОСТИ

Путь, заданный великим учителем

2 дня назад в 14:44

Патриотическое воспитание

Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия

2 дня назад в 14:40

Профессиональное содружество

Эффективное взаимодействие педагогов и родителей

2 дня назад в 14:36

ДОШКОЛЬНОЕ ВОСПИТАНИЕ

История первого детского сада Лисаковска

2 дня назад в 14:33

ДОШКОЛЬНОЕ ВОСПИТАНИЕ

Актуально

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.