Қостанай облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы мамыр айының 4-і мен 14-і күндері аралығында Ахмет Байтұрсынов атындағы оқытушылар арасында онлайн түрде «Үздік оқытушы-2020» облыстық байқауын өткізді.
.jpeg)
Байқауға 13 оқытушы қатысты. Байқау 4 кезеңнен тұрды. Бірінші «Жарнама» (PR) кезеңінде қатысушылар 15 минуттан аспайтын бейнесабақ үлгісін дайындап, онлайн дауыс жинады. Екінші кезеңде Ахмет Байтұрсынұлының өмір жолы, қызметі мен шығармашылығы қамтылған тест тапсырмаларын орындады. Үшінші кезең – Ахмет Байтұрсынұлының шығармашылығы, әдістері мен әдістемелік мақалалары, сондай-ақ оқытудағы түрлі педагогикалық-психологиялық жағдаяттарға байланысты видеосұрақтарға жауап берді. Төртінші кезең – қатысушылар өздерінің соңғы жылы шыққан оқулық, оқу-әдістемелік құралдарын, ғылыми-әдістемелік мақалаларын, байқаудағы жүлделі жетістіктерін көрсетті.

.jpeg)
.jpeg)
Байқау қорытындысы бойынша І орынға Сарыкөл ауданы тілдерді оқыту орталығының оқытушысы Нәби Болат, ІІ орынға Арқалық қаласы әкімдігінің қалалық тілдерді оқыту орталығының оқытушысы Балайм Молдабекова, ІІІ орынға «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығының оқытушысы Айнұр Миркемелова ие болды. Одан бөлек «Шығармашыл педагог» аталымы бойынша Меңдіқара ауданы тілдерді оқыту орталығының оқытушысы Анар Хасенова, «Креативті педагог» аталымы бойынша Қарабалық ауданы тілдерді оқыту орталығының оқытушысы Ерлан Абилов, «Жаңашыл педагог» аталымы бойынша Денисов ауданы тілдерді оқыту орталығының оқытушысы Алия Сабитова марапатталды.

Жүлделі орындар мен арнайы аталым иегерлері дипломмен және «Sulpak» электрондық-техникалық дүкенінің сыйлық сертификатымен марапатталса, қалған қатысушыларға Алғыс хаттар табысталды.
Бахытгүл ЗАРЛЫҚҚЫЗЫ,
Қостанай облысы әкімдігінің
тілдерді дамыту басқармасының
бөлім басшысы
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.