Әулиекөл аудандық білім қызметкерлерінің кәсіптік одақ ұйымы – Қостанай облысы білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағының ірі филиалдарының бірі. Құрамында 42 бастауыш кәсіподақ ұйымы бар, ал мүшелер саны 2300-ден асады.
Кәсіподақ қызметінің басты қағидасы – айқындық пен тиімділік. Осы мақсатта жыл сайын жергілікті кәсіподақ ұйымдары 50-ден астам көрсеткіш бойынша рейтингтік бағалаудан өтеді. Соңғы төрт жылда Әулиекөл филиалы екі рет – екінші, екі мәрте – бірінші орындарды иеленіп, тиімділігін айқын дәлелдеді.
Жаңа мүшелер – кәсіподақтың күші. Үстіміздегі жылы біздің кәсіподақ ұйымының қатары үш бастауыш кәсіподақ ұжымымен толығып, мүшелікке 300 адам қосылды. Олардың қатарында – «Болашақ» стадионы, «Алтын бесік» және «Айналайын» балабақшалары бар. Бұл – филиалдың мүшелік мотивацияны арттыру, құқықтық, әлеуметтік және материалдық көмек көрсету, сонымен қатар кәсіподақ қызметін насихаттау бағытындағы жүйелі жұмысының нәтижесі деп білеміз.
Құқықтық қолдау – әлеуметтік әріптестіктің кепілі. Кәсіподақ филиалы мен аудандық білім бөлімі арасындағы ынтымақтастықтың нәтижесінде кәсіподақ мүшелері мен білім ұйымдарының басшыларына тұрақты құқықтық кеңес беру және құқықтық білім мектебі арқылы оқыту жұмысы жоғары деңгейге көтерілді. Нәтижесінде Әулиекөл ауданында 2024-2026 жылдарға арналған әлеуметтік әріптестік туралы келісім толық көлемде жүзеге асуда. Кәсіподақ мүшелері және өз атымнан білім бөлімінің басшысы Досбол Құсайынов пен әлеуметтік серіктестерге көрсеткен қолдауы мен нәтижелі ынтымақтастығы үшін алғыс білдіреміз.
«Мейірім» қоры – ізгілік пен қолдау орталығы. Кәсіподақтың маңызды бағыты – мүшелеріне дер кезінде көмек көрсету. Әулиекөл ауданындағы бастауыш кәсіподақ ұйымдары «Мейірім» әлеуметтік-қайырымдылық қорының белсенді мүшелері. Қор құрылған сәттен бері 53-тен астам кәсіподақ мүшесі 8 млн теңге көлемінде материалдық көмек алды.
Саламатты өмір салты мен туризм – кәсіподақ қамқорлығында. 2025 жылы 50-ден астам кәсіподақ мүшесі санаторий-курорттық емделуге жолдама алып, бұл көрсеткіш 2024 жылмен салыстырғанда 65%-ға артты. Сондай-ақ кәсіподақ жеңілдігінің деңгейі 40% көлемінде сақталып отыр (облыс – 10%, аудан – 10%, бастауыш ұйым – 20%), бұл – облыс бойынша ең жоғары көрсеткіштердің бірі. Филиал кәсіподақтық туризм бағдарламасын дамытып келеді. Кәсіподақ мүшелері Алматы, Түркістан, Шымкент қалаларына, сонымен қатар шетелдік туризм бағытында Санкт-Петербург пен Ташкент қалаларына барып, рухани және мәдени тұрғыдан байып қайтты.
Кәсіподақ – сенім мен ынтымақтың символы. Әулиекөл аудандық білім қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы облыстық кәсіподақ бастамаларының белсенді қатысушысы. Бүгінде Әулиекөл ауданындағы кәсіподақ ұйымдары білім беру қызметкерлерінің әлеуметтік және еңбек құқықтары мен мүдделерін қорғау бағытында ауқымды жұмыс атқарып келеді. Ал педагогтердің сенімі – кәсіподақ жұмысының ең басты көрсеткіші. Алайда уақыт жаңа міндеттерді алға тартып отыр. Бірқатар әлеуметтік-экономикалық мәселелерді жүйелі түрде шешу және кәсіподақ, білім беру саласының әкімшілігі мен мемлекеттік билік органдары арасындағы конструктивті іс-қимылдарды күшейту қажет.
Басым бағыттардың қатарында – педагогтерге коммуналдық қызметтер үшін өтемақы төлеу тетігін енгізу, мұғалімдерге еңбек өтілі бойынша зейнетақы алу құқығын заңнамаға қайта енгізу, сондай-ақ ауылдық жерлерде жас мамандарды тұрақтандыру үшін қолайлы жағдай жасау бар. Бұл бастамалар білім саласы қызметкерлерінің материалдық жағдайын жақсартуға ғана емес, сондай-ақ ауыл мектептерінің кадрлық әлеуетін нығайтуға, педагог мамандығының беделін арттырумен қатар өңірдегі әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған.
Айжан БЕКМАГАМБЕТОВА,
Әулиекөл аудандық білім
қызметкерлерінің кәсіптік одақ
ұйымының төрайымы
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.