«Жанашырлыққа – жан риза» дегендей, қартайған шағында жалғыз қалған қарияларымыздың жанашыры болып, аялы алақанымызды тосып, жүрек жылуын ұсыну, қазыналы қарттарымызды аялау – азаматтық парызымыз.

Республика көлемінде өзін-өзі тану пәнінің жетекшілігімен жыл сайын қайырымдылық акциясы өткізіледі. Оқушыларды мейірімділікке, қамқорлыққа, достыққа, риясыз сүйіспеншілікке баулып, тәрбиелейтін қазіргі таңдағы тендесіз пәнді ашып, осындай жұмыстар атқарып жатқан Сара Назарбаеваны тілге тиек етпей кетуге болмайды. Ол кісінің бастамасымен жалпыадамзаттық құндылықтарымызды қайта жаңғыртып, риясыз сүйіспеншілікпен бір-бірімізге көмек көрсетудеміз. Әулиекөл бастауыш мектебінде де, «Мейірбандылық жүректен, қайырымдылық білектен» тақырыбында қайырымдылық акциясын ұйымдастырдық.
Қайырымдылық акциясының өтетіндігі туралы мектеп қызметкерлеріне жарияланып, көмекке мұқтаж қарияларымызды анықтауға кірістік. «Жылуы жоқ үйден без, қайырымы жоқ биден без», – дегендей қайырымдылық, адамгершілікті биік ұстап, кісілікті ту етіп, көкірегі қаяулы, жаны жаралы жанның жасын сүртіп, жылы лебізін аямай, қолдан келген жәрдемін ұсынып, достық пейілдерін таныту нағыз кісіліктің белгісі болса керек. Осындай қанатты сөзбен бекініп, Әулиекөл ауданының тұрғыны, жалдамалы пәтерде тұратын жалғызбасты зейнеткер әжеге көмек көрсетілді. Әжемізге жүрекжарды тілегімізді білдіріп, қуаныш сыйладық.
Акция аясында көптеген шараларды өткізуден шектелдік. Оған себеп – бәрімізге белгілі, елімізде болып жатқан пандемияның салдары. Дегенмен шынайы ниетпен жасалған шарапат, мейірімнің жүрекке жетері мәлім. Әжеміздің қуанғаннан көзіне жас алғанын көргенде акциямыздың өз мақсатына жеткенін көріп, бір марқайып қалдық. Әулиекөл бастауыш мектебінің ұжымына үлкен ризашылық білдіреміз!
А.Есекеева,
И.Қалиасқарова,
Әулиекөл БМ өзін-өзі
тану пәнінің мұғалімдері
Как говорил Ахмет Байтурсынов, «изначально газета – глаза народа, его уши и язык. Как человеку необходимы глаза, уши и язык, так и народу нужна газета». В этом смысле считаю газету «Учительская плюс» одним из передовых изданий нашей области. Потому что здесь не только учителя, но и ученики, студенты, а также их родители могут найти самую необходимую информацию. А для учителей в особенности «Учительская плюс» является платформой для развития профессиональных навыков и обмена опытом.
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.