Дәл осындай ұранды ту еткен «16 күн әйелдерге зорлық-зомбылықсыз» және қалада өткен «Жасөспірімдер арасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы» онкүндігінің аясында №24 мектеп-гимназияда мазмұнды іс-шаралар өткізілді.
«Балаға мектепте оқуға тиімді көмек шаралар туралы», «Баламен қалай қарым-қатынас жасау керек?», «Баланың сөйлеу тілінің даму кезеңі», «Баланы дұрыс жазуға қалай үйрету қажет?», «Баланың логикалық қабілетін дамыту әдістері», «Кітап оқудың тиімді ережелері туралы» бастауыш сынып мұғалімдері Қ.Сұлтанова, А.Абдулина, А.Ещанова, А.Мұхамбетова, Н.Сейдалина ата-аналарға пайдалы әрі сауатты кеңес берді.
Екінші сынып оқушыларының ата-аналары үшін «Балаларда туындайтын невроз. Алдын алу. Зорлық-зомбылық» жайында Қостанай қаласындағы №2 емхананың саламатты өмір салты орталығының маманы Е.Загребина таныстырды. «Тұрмыстық зорлық-зомбылық, оның түрлері. Мектеп жасындағы балалар үшін» тақырыбында ҚР-ның Президенттік адам құқығы комиссиясының эксперті, А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ-дың ғылыми жұмыс және интернационалистік жұмысы жөніндегі проректордың міндетін атқарушы Ә.Бекмағанбетов ата-аналарға құқықтық мәдениет туралы, тұрмыстық зорлық-зомбылық жайлы біраз мәлімет беріп өтті. Ал, кәмелерке толмағандарға қатысты құқыққа қарсы іс-әрекет жасау фактілеріне жол бермеу және оларды қамтамасыз ету мақсатында интернет кеңстіктегі олардың мінез-құлқын бақылау жайында «Аутодеструктивті мінез-құлық және әлеуметтік желілер» мектептің психологы Б.Ермағанбетова тоқталды.
Аталмыш мамандар тұрмыстық зорлық-зомбылықтың әр түрлі болатынын, оның залалы кімге болса да тиетінін ашып көрсетті. Декада аясында балалар мен ата-аналар арасында туындайтын қарым-қатынасты үлкендер де өте қатты ескеру керектігін, баланы әркез назарда ұстап, күдіктенген жағдайда дер кезінде дабыл қағуын ескертті. Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу шараларын күшейтуде мектеп ережесінің сақталуы, сабаққа кешікпеу, оны қалдырмау, үйірмелерге қатынасу, бос уақытын дұрыс өткізу жауапкершілігі ата-аналарға жүктеледі. Тентектік, бұзақылық жасаған балаларды бірден бақылауға алып, мектеп әкімшілігімен жұмыс істеу тапсырылды.
Оқушылар арасында «Мен зорлық-зомбылыққа қарсымын» және «Сенің өміріңе төнген қауіп қатер бар ма?» тренингтері өткізіліп, сауалнама алынды. Ата-аналарға «Зорлық-зомбылықтың алдын алуға болады», «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың профилактикасы» туралы жадынамалар таратылып, үндеулер айтылды. Отбасы рөлін, құндылығын сақтау бәрімізге бірдей міндет екендігі құпталды. Мектеп ұжымы болып ата-аналармен жеке қарым-қатынас жұмысы одан әрі күшейе жұмыс істесе, әдепті әрі адамгершілігі жоғары балалар бәрімізді қуантары сөзсіз.
Балдырған РАБАЕВА,
№24 мектеп-гимназия
педагогі,
Қостанай қаласы
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.