Қайырымдылық пен әсемдік үндескенде

Выпуск - №17-18(614-615)   :   02.05.2024
830

IMG-0671

Қостанай қаласындағы физика-математикалық бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 10 жылдығына орай, қаламыздағы сән-салтанаты жарасқан ғимараттардың бірі – Жастар сарайында қайырымдылық «Вена балы» ұйымдастырылды.

IMG-0640

Іс-шараның басты мақсаты – церебральды сал ауруы диагнозы қойылған бүлдіршін Төлеген Айзере Ерболқызына қайырымдылық қолдау көрсету. Сондай-ақ, мектеп қоғамдастығының шығармашылық әлеуетін дамыту бағыты да назардан тыс қалмады. Қайырымдылық шарасына ҚР еңбек сіңірген қайраткері Гульбану Абдулина, Е.Өмірзақов атындағы Қостанай облыстық филармониясының бас әкімшісі Базаркуль Арыстанбекова, «Үміт-Надежда» ҚБ төрағасының орынбасары, пара-биден Қазақстанның 7 дүркін чемпионы Аруна Жаксагулова және ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Арыстан Құрманов арнайы қатысты.
Жастар сарайының жарық залында орналасқан стендтерде Қостанай қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі еріктілерінің «Қоғамға қызмет ету» жобасын іске асыру аясында атқарған жұмыстарынан фотокөрме көпшілік назарына ұсынылды.

IMG-0701


– Бүгінгі іс-шараның маңызы зор. Ол, біріншіден, кішкентай бүлдіршініміздің отадан кейін сауығып кетуіне қосқан үлесіміз болса, екіншіден, мектебіміздің «Қоғамға қызмет ету» жобасы аясында атқарылып жатқан қайырымдылық шарасы. Аталмыш жоба шеңберінде ұйымдастыратын жұмыстарға еріктілеріміз белсенділікпен атсалысатынын айта кеткен жөн. Қолынан келгенше көмек көрсетуге әзір. «Вена балы» – оқушыларымыздың ғылыми бағыта ғана емес, жан-жақты екенінің бір дәлелі деуге болады. Айта кету керек, іс-шара барысында қайырымдылық аукционы өтеді және одан түскен қаражат толықтай Айзере Ерболқызының анасына табысталады, – дейді Қостанай қаласындағы физика-математикалық бағытындағы НЗМ дамытушы пәндер әдістемелік бірлестігінің жетекшісі Мархаба Махмутова.
«Вена балы» қайырымдылық іс-шарасының аукционына «Тобыл» клубы футболшыларының жеке қолтаңбасы қойылған футболкасы мен добы табысталды. Белгілі қостанайлық суретші, ҚР Суретшілер Одағының мүшесі Вадим Быков та аукционға «Узункольский район» атты суретін, ал танымал суретші Татьяна Баринова «Малышка», «Тишина» деп аталатын суреттерін, суретші Надежда Яковлева да «Мерцание» және «Летнее утро» деген екі суретін ұсынды.

IMG-0647


Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары да тысқары қалмады. 9 «Е» сынып оқушысы София Цхай «Лавандовое поле» және «Молния» деген суреттерін, мектеп түлектері Мадина Лекерова, Рустам Жуматов, Айя Шаяхметова топтық шығармашылық жұмысы – «Горная река» суретін аукционға табыстады. Сонымен қатар, қолөнерші Айдын Диханбаев та қайырымдылық шарасына былғарыдан жасалған бұйымдарын қоюды жөн көрді. Жүргізілген аукцион нәтижесінде жалпы сомасы 539 мың теңге қаражат жиналды.
Қайырымдылық іс-шарасын дирижер Тарас Мызиннің басқаруымен Е.Өмірзақов атындағы Қостанай облыстық филармониясының камералық оркестрі өнер көрсетті. Әрине, Назарбаев Зияткерлік мектебінің ұстаздары мен оқушыларынан құралған 75 жұптың кереметтей вальсы көрермендерді бей-жай қалдырмады. Қайырымдылық шарасына, соынмен қатар, Б.Момышұлы атындағы №5 ЖББ кадет мектебінің «Фламинго» би ансамблі де арнайы номер дайындап әкелді. Жалпы, бұл іс-шараның маңызы жайлы оқушылардың өздерінен сұрап-білдік.

IMG-0735

IMG-0743


12 «A» сыныбының оқушысы Зарина Ормантаева:
– Сегізінші сыныпта оқып жүрген кезімде де осындай қайырымдылық балына қатыстым. Ол кезде де дәл осындай ауқымды шара өткен еді. Бұл тек қайырымдылық шарасы ғана емес, оқушылармен қатар мұғалімдерді де бір мақсатқа біріктіретін жиын деуге болады. Бүгінгі балда мен Эльдар Альмагамбетов деген сырыптасыммен билеймін. Осындай іс-шаралар эстетикалық түрде де үлкен әсер сыйлайды. Бұндай іс-шараларды жыл сайынғы дәстүрге айналдыруға қажет деп есептеймін.
11 «E» сыныбының оқушысы Искандер Мерген:
– Аталмыш іс-шара менің жастық шағымның үлкен бір естелігі болып қалары анық. Неге десеңіз, күн сайын дәл осылай костюм киіп, құрбыңмен билеудің мүмкіндігі тумайды. Балға мені сыныптасым Мадина шақырды, ал оның шақыртуынан қалайша бас тартуға болады?! Дегенмен, бұл балдың ең басты мақсаты – қайырымдылық. Сондай маңызы зор, игілікті іске тамшыдай үлесім бар екенін білу маған риясыз қуаныш сыйлайды.

Жамал ШАУКЕН,
суретті түсірген автор

Реклама

Не тот учитель, кто получает воспитание и образование учителя, а тот, у кого есть внутренняя уверенность в том, что он есть, должен быть и не может быть иным. Эта уверенность встречается редко и может быть доказана только жертвами, которые человек приносит своему призванию.
Если учитель имеет только любовь к делу, он будет хороший учитель. Если учитель имеет только любовь к ученику, как отец, мать, он будет лучше того учителя, который прочёл все книги, но не имеет любви ни к делу, ни к ученикам. Если учитель соединяет в себе любовь к делу и к ученикам, он совершенный учитель.