Күні кеше сағат 11:00-де Қостанай қаласының барлық мектептерінде бір мезетте «Қазақтың 100 әні» атты музыкалық флешмоб өтті. Республика күніне арналған игілікті іс-шарада оқушылар қазақ халқының рухани қазынасына айналған әндерді орындады.
Осы бір ерекше сәттің куәсі болу үшін жаңа оқу жылында «Келешек мектептері» жобасы аясында ашылған Қостанай қаласындағы №32 жалпы білім беретін мектепке арнайы ат басын бұрдық. Заманауи оқу ордасының оқушылары да мерекелік флешмобқа белсене қатысып, әуезді әндер арқылы елге деген сүйіспеншілігін паш етті. Мұғалімдер мен ата-аналар қауымы да жас буынның рухани әлемін байытатын бұл бастаманы жылы қабылдады.
– «Қазақтың 100 әні» музыкалық флешмобы аясында мектебіміздің үшінші, бесінші және сегізінші сынып оқушылары арасынан ән айтуға бейімі бар балалар іріктеліп алынды. Олар хормен қазақтың 100 әнінің тізімінен таңдап алынған үш туындыны орындады. Бұл – Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай шырқалған «Көзімнің қарасы», халық әні «Үкілім-ай» және Республика күніне арналған Ескендір Хасанғалиевтің «Атамекен» әні. Осындай рухани бағыттағы іс-шаралар жиі ұйымдастырылып тұрса екен деген тілегіміз бар», – дейді мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Нұргүл Ибраева.
– Білім ордамызда Республика күніне орай қазанның 20-сы мен 24-і аралығында патриоттық апталық жоспары бекітілді. Апталықтың алғашқы күнінде 3–8-сыныптар арасында патриоттық әндер сайысы өтті. Оқушыларымыз «Менің Қазақстаным» атты республикалық флешмобқа да белсенділікпен қатысуда. Сонымен қатар мектепте «Республикам менің» тақырыбында сынып сағаттары ұйымдастырылды, ал қазанның 24-і күні «Қазақ елім – қыраным» атты гала-концерт өткізу жоспарланған. Балаларымыздың патриоттық сезімдері ерекше байқалып жатыр.
Музыкалық флешмоб ұмыт қалған халық әндерін дәріптеп қана қоймай, жастардың ұлттық өнерге, халық музыкасына деген сүйіспеншілігін арттыруды көздейді. Жоба мақсатына жеткен сыңайлы.
– «Қазақтың 100 әні» жобасы туралы естіген сәтте-ақ бұл идея маған өте ұнады. Бұл – халқымыздың ұмыт болып бара жатқан әндерін жастар арасында насихаттауға бағытталған бірегей жоба деп білемін. Хор құрамында ән айту мен үшін үлкен қуаныш. Қазақ халқының тарихындағы әндерді зерттеп, олардың шығу төркінін білу – өте қызықты. Менің ойымша, бұл шығармалар – бәрімізге таныс, жүрекке жақын әндер, – дейді мектеп белсендісі, 8 «А» сынып оқушысы Томирис Ерғали.
Жамал ШАУКЕН,
Суретті түсірген автор
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.