Тәуелсіздік – тірегім

Выпуск - №51(648)   :   26.12.2024
559

4


А.Құнанбаев атындағы мектеп-гимназия «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын жүзеге асыру аясында Восточный мен Фурманов ауылдарына «Тәуелсіздік – тірегім, Қазақстан – жүрегім» тақырыбында көшпелі мерекелік концерт ұйымдастырып, өнер көрсетіп қайтты.


ҚР Тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырылған бұл іс-шараға А.Құнанбаев атындағы мектеп-гимназиядан 40 өнерпаз қатысты. Ауыл мен қала мектептерінің өнерпаздары бір-бірімен етене араласып, өнерлерін ортаға салды. Мақсаты – ҚР Тәуелсіздік мерекесін ұлықтау, оқушыларды патриоттық рухта тәрбиелеу және олардың жанашырлық сезімдерін арттыру.

Концертке мектебіміздің «Өрімтал» үйірмесінің мүшелері, республикалық ән байқауының лауреаттары Амина Бертағы, Ақниет Болат, Жайдары Қайрат, Дарын Қайрат және «Домбыра дастан» үйірмесінің өнерпаздары, республикалық домбыра байқауының жеңімпаздары Абай Сабыржан мен Аруна Атлант қатысты. Мерекелік концертті тамашалауға келген көрермендерге ұмытылмас көңіл-күй сыйлап, үлкен ықыласқа бөлендік.

Динара КАЙДАУЛОВА,
А.Құнанбаев атындағы мектеп-гимназия
директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары,
Арқалық қаласы

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.