80 жыл бұрын жазылған майдан хаты табылды

Выпуск - №39(687)   :   17.10.2025
308

80-1

Қостанай топырағы – талай ардақты ұл мен қызды түлеткен қасиетті мекен. Сол өңірде, Ыбырай Алтынсарин негізін қалаған киелі қара шаңырақ – қазіргі Ы.Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатында ұлт руханиятына өшпес із қалдырған аяулы ұстаз, қазақ тілі мен әдебиетінің шынайы жанашыры Мүршида Шайхимова 35 жыл бойы табанды еңбек етті.

Мүршида апай – жай ғана мұғалім емес, ұрпаққа рух берген, тіл мен әдебиетті жүрекке ұялата білген парасат иесі. Оның ұстаздық жолы – терең білім мен биік мәдениеттің, ұлтқа деген шексіз сүйіспеншіліктің көрінісі. Ол сан мыңдаған шәкіртке білім ғана емес, болашаққа сенім сыйлап, адамдықтың ақ жолына бағыттады. Бұл кісі кезіндегі Жамбыл мектебінің (қазіргі Ы.Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатының) директоры болып қызмет еткен Мырзахмет Шайхиннің жұбайы.

10


Жуырда осы мектептің мұрағатынан табылған ерекше жәдігер – тарихтың тереңінен жеткен үн секілді. Бұл – 1945 жылдың 29 сәуірінде соғыс майданынан жазылған хаттың түпнұсқасы. Хаттың авторы – 1941 жылдың маусымы мен 1942 жылдың шілдесі аралығында мектептің директоры болған қазақтың парасатты азаматы Мырзахмет Шайхин. Ол осы бір хатты майдан даласында жүріп, жүрек жарды сөздермен өз жары, аяулы мұғалім Мүршида Шайхимоваға арнаған. Қанды қырғын ортасында жүрсе де, ол білім мен махаббатқа, өмір мен үмітке деген сенімін жоғалтпаған. Бұл хат – бір отбасының шежіресі ғана емес, бір мектептің, бір ұлттың рухани қазынасы.
Хат табылған сәт – мектебіміздің тарихындағы маңызды оқиға болды. Қағазға түскен әр жол сол дәуірдің тынысын, елге, отбасына және болашақ ұрпаққа деген махаббат пен үмітті сездіреді. Мүршида апайдың шәкірт тәрбиелеудегі өлшеусіз еңбегі мен қайсар мінезі – талай ұстазға үлгі, жас ұрпаққа өнеге. Оның өмір жолы – өз «Кіші Отанына» адал қызмет етудің айқын көрінісі. Осындай тағылымды тұлғалардың өшпес ізі қалған мектеп қабырғасында оқу – әрбір оқушы үшін зор мақтаныш, ал олардың өнегелі өмірін зерттеу – біздің парызымыз.

Ырсалды КЕЛИНБЕРДИЕВА,
Ы.Алтынсарин атындағы
мамандандырылған мектеп-гимназия-
интернатының директоры,
Қостанай қаласы

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.