Алтынсарин орта мектебінде Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған «Абайды білмек керек ойлы жасқа» атты қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің апталығы ұйымдастырылды.

Қазақстаның танымал тұлғалары – тарихымыз бен мәдениетіміздің жеке беті. Олардың өмірбаяндары мен жеткен жетістіктерін ұлттық мәдениетті мақтан тұтар әр қазақстандық білуі тиіс. Бірақ біліммен ғана шектелуге болмайды, елдің имиджін жасайтын адамдарды, яғни Қазақстанның көрнекті тұлғаларын танымал ету қажет. Олардың жетістіктері бойынша еліміздің тарихы, мәдени және менталдық құндылықтары туралы пікір қалыптасады.
Елбасы Н.Назарбаев: «Өз мәдениетін, өзінің ұлттық кодын сақтау», – деп жиі айтады. Абай ілімі халықтың рухани жаңғыруымен тығыз байланысты, ал оның даналығы қазіргі заманмен үндес. Дана Абайдың шығармашылық мұрасы – халқымыздың ғасырлар бойы маңызын жоймайтын рухани қазынасы. Абайдың сөзі – қазақтың бойтұмары. Абайды тану, бағалау, насихаттау, оқыту – қоғамдық ой-санада тың серпілістер туғызып, бір мақсатқа жұмылдырады. Таусылмайтын телегей теңіздей болған Абай мұрасы мектебімізде ұйымдастырылған апталыққа арқау болды.
Аталмыш шара барысында негізгі мақсаттар алға қойылды. Олар: Абай шығармашылығын сүйіп оқуға, қадірлеуге, асыл мұрасындай есте сақтауға баулу; көркем сөйлеуге, өз бетімен іздене білуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге баулу; сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, эстетикалық тәрбие беру; жастардың өмірден өз орнын табуға бағыттау; қазіргі абайтанушы ғалымдардың ақын шығармаларын зерттеу, жинақтау, жариялау, насихаттау тұрғысындағы жұмыстарын талдауға бағыттау; жастарды қазақтай дана халық, Абайдай дара азамат дүниеге келген елдің ұрпағы екендіктерін сездіре отырып, өз елінің патриоты болуға тәрбиелеу.
Апталық аясында Абайға арналған шығармашылық кеш ұйымдастырылды. Кеш ақынның өнегелі өмірімен таныстыру, оның даналығын, рухани асыл мұраларын насихаттап, өлеңдерін, әндерін мәнерлеп оқуды көздеді. Сондай-ақ жастарға көркем сөйлеуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге ықпал ету мақсатын да тасада қалдырмады. Сұрақтар қою арқылы оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту да басты назарда болды. Кеш барысында сахналық көрініс, Абайдың өмірі мен шығармашылығынан сұрақтар қойылып, өлеңдері оқылып, әндері шырқалды. Жалпы шығармашылық кеш мақсатына жетті.
«Абай – дана, Абай – дара қазақта» тақырыбында Абай шығармашылығына арналған мектептің екінші қабатында арнайы бұрыш жасалды. Дана ақынның өнегелі өмірімен таныстыру, шығармаларына шолу жасау, өлеңдеріне, әндеріне назар аудару мақсатындағы жұмыста сөз өнерінің қыр-сырымен таныстыру көзделді. Сондай-ақ тағы бір мақсаты – оқушыларды көркем сөйлеуге, адамгершілікке, табиғат әсемдігін түсінуге, қасиетті дүниелерді қадір тұтуға тәрбиелеу еді.
Бұл апталықта Абай мұрасындағы рухани тәрбиенің негізгі мазмұны мен қағидаттары анықталды. Оқушылардың көпшілігі белсене қатыса білді. Жас ұрпаққа абайтану ғылымының маңыздылығы мен қажеттілігі де түсіндіріле білді. Ғұлама ақын жайында толық мағлұмат қалыптастырылды, ақын шығармашылығы арқылы ой түю, тәлім-тәрбие алу, Абай мұраларының жастар арасында кең таралуына ықпал жасау мақсаты орындалды деп сеніммен айта аламын.
Областная образовательная газета «Учительская плюс» – это настоящая педагогическая копилка. В одном номере можно увидеть работу самых разных учителей со всей области, разные направления, почерпнуть ценный опыт. Можно, конечно, что-то и в соцсетях прочитать, но там надо искать, заходить к каждому на страничку отдельно, а газету открываешь – и всё костанайское образование перед тобой, вся наша учительская жизнь. Я с удовольствием рассказываю о своей работе, о своих методах, об успехах моих воспитанников. Газета помогает мне делиться своими идеями и вдохновляться работами коллег.
Думаю, что безо всякой агитации каждый учитель, воспитатель, психолог должен иметь газету «Учительская плюс». Как без неё узнавать, как работают ваши коллеги, что нового в методике преподавания, поделиться своим опытом?
В своё время, будучи завучем средней школы, я обобщала лучший опыт учителей своей школы, знакомила их опытом работы других, и вообще не представляю педагога без настольной газеты «Учительская плюс» и своего предметного журнала, откуда черпаешь все новинки методической работы.
Поэтому совет вам, дорогие молодые коллеги: не опоздайте выписать, не останьтесь без профессиональной помощи газеты «Учительская плюс»!