Абай мұрасы – халық ұлағаты

Выпуск - №17(565)   :   05.05.2023
923

Жылдағы жұмыс жоспарына сәйкес үстіміздегі жылдың сәуір айында 3-11 сынып білім алушылары арасында Арқалық қаласындағы Б.Майлин атындағы №3 мектебінде Абай оқулары байқауы өтті. 

Аталмыш байқау қазақтың бас ақыны, дана, ойшыл, сазгер Абай Құнанбаевтың мол мұрасын мектепішілік сайыс арқылы насихаттау, оқушының бойына ақыл мен парасатты, сөз құдіреті мен көркем сөздің мәйегін сіңіруді көздеді. Сондай-ақ қанымызда бар шешен де тауып шебер сөйлеу мәдениетін ұрпақ бойынан көру, ұлыларымызды құрметтеу, сол арқылы оқушы бойына мақтаныш сезімін тудыру, даналардың даралығын бағалау, қастерлей білуге баулу мақсаты да назардан тыс қалмады.

Тартысты байқау 5 кезеңнен тұрды. Алғашқы «Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы» атты кезеңде қатысушылар ақын өлеңдерін жатқа мәнерлеп оқудан сынға түссе, екінші кезеңде Абайдың қара сөздерін жатқа айтты. Үшінші «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» кезеңінде қатысушылар өз шығармашылығы бойынша тартысты. Келесі «Ұлылар әлемі» кезеңінде эссе жұмысын жазса, соңғы «Көңілім әнді ұғады» кезеңінде ақын өлеңдерін шырқады. Сайыс қорытындысы бойынша І, ІІ, ІIІ орын және жекелей «Үздік ізденімпаз», «Көркем сөз оқудың шебері», «Қара сөз оқудың шебері», «Көркем сөз шебері» номинациялары бойынша үздік деп танылған оқушылар марапатталды.

Осылайша қалалық кезеңге Ділназ Қалибекова, Нұрайым Нұрбекқызы, Ақния Құлажанова, Диана Өмірзақ, Мұхаммед Құлажан жіберілген болатын, қалалық кезең Арқалық қаласындағы «Жас – Ұлан» балалар мен жасөспірімдер орталығында болып өтті. Оқушыларымыз жақсы нәтижелер көрсетіп, «Көңілім әнді ұғады» номинациясы бойынша 8 «А» сынып оқушысы Диана Өмірзақ (жетекшісі: Саят Жүнісов) І орынға, «Қара сөзді жатқа айту» номинациясы бойынша 8 «А» сынып оқушысы Нұрайым Нұрбекқызы (жетекшісі: Айнур Кулжанова) І орынға, ал «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» номинациясында өз шығармашылығы бойынша Мұхаммед Құлажан (жетекшісі Асылхан Сәлімжан) III орынға ие болды.

І орын алған оқушыларымыз облысқа жолдама алып отыр, оқушыларымызға жүйелі дайындық арқылы жоғарғы нәтиже көрсетуіне тілектеспіз. Абай әлемін бүкіл дүниеге таратушы кемеңгер Мұхтар Әуезов: «Мен Абай тереңінен шөміштеп қана іштім», – деген екен. Ал біз ұлы ғұлама тереңіне бас қойғанымызбен, сол тереңнен тек дәм татып қана қойдық қой деп ойлаймын. Сол себептен оқудан, білімге ұмтылушылықтан, ізденуден жалықпайық.


Индира БАЛТАБАЕВА,
Б.Майлин атындағы
№3 ЖББМ директорының
ғылыми-әдістемелік істер
жөніндегі орынбасары,
Арқалық қаласы

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.