Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінің ұйымдастыруымен Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойына арналған «Абай оқулары» қалалық қашықтан өткізілген байқауына балабақша бүлдіршіндері қатысты.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын ХХІ ғасырға қарыштап қадам басқан тәуелсіз Қазақстанның бүгінгі саяси, экономикалық және мәдени жетістіктері аясында атап өту туралы шешім қабылдағаны жұртшылыққа жақсы мәлім. Соған орай былтырдан бері бірталай шаралар өткізіліп келеді, әлі де жалғаса бермек. Бұл Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақалалары аясында қойылған мақсаттарды жүзеге асырудың заңды жалғасы және Абай мұрасын заман сұраныстарына сай қайта зерделеудің маңыздылығын білдіреді.
Аталмыш оқуларды өткізудің мақсаты – Абай мұрасын кеңінен насихаттау, дарынды жас ақындарды тәрбиелеп, бойына рухани адамгершілік, имандылық қасиеттерін қалыптастыру. Байқаудық нәтижесі бойынша Абайдың «Көзімнің қарасы» өлеңін үш тілде орындап шыққан «Ақбота» балабақшасының бүлдіршіндері жүлделі орынға ие болды. Олардың дайындығына ат салысқан меңгеруші М.Нұралина, әдіскер А.Мырзакерімова, педагогтер С.Кенжебекова, С.Хасенова, К.Сарманова, музыка жетекшісі А.Әбдрахман Алғыс хаттармен марапатталды. Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінің ұжымымен жас ұрпақты тәрбиелеу мен оқытудағы еңбегіміз жалғасын таба берсін демекпін.
Ақбота ӘБДРАХМАН,
«Ақбота» балабақшасы
музыка жетекшісі,
Арқалық қаласы
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.