Абайдың мұрасы – сарқылмас қазына

Выпуск - №9(657)   :   07.03.2025
914

1

Айсары жалпы білім беретін мектебінде қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай, ақын мұрасын жан-жақты тану, зерттеу және зерделеу мақсатында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен апталық өтті.

Апталық мұғалімдер мен оқушылар арасында Абай Құнанбайұлы жайында өткен қызықты кешпен басталды. Онда ақынның өмір жолы мен шығармашылығы туралы біраз мәліметтер берілді. 2–4-сыныптың орыс сыныптары арасында Абай өлеңдерін көркем жазуды көздеген «Көркем жазу – көрікті етер» байқауы өтті. Таза, сауатты әрі көркем жазғандар анықталып, нәтижесінде 2-сынып оқушылары А.Нұрмұхамбет – І орын, А.Деменчук – ІІ орын; 3-сынып оқушысы Я.Угурчиева – І орын; 4-сынып оқушылары А.Гольм – І орын, М.Айтпаев – ІІ орын, А.Сағындық – ІІІ орынды иеленді. 5–7-сыныптар арасындағы «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе...» атты мәнерлеп оқу сайысында І орынды 7 «А» сынып оқушысы А.Литвиненко және 6 «Б» сынып оқушысы А.Ғабиденқызы; ІІ орынды 5 «А» сынып оқушылары С.Елеубаев пен А.Жусипбек, 5 «Б» сынып оқушысы А.Жұмағали; ІІІ орынды 5 «А» сынып оқушысы К.Гольм, сондай-ақ 6 «А» сынып оқушысы Д.Жаппасова және 7 «А» сынып оқушысы М.Трептау иеленді.

2


Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері: Айнұр Қайнарбаева 7 «Б» сыныбында қазақ тілі пәнінен «Сүйемін туған тілді, анам тілін», Нұржан Панияз 6 «Б» сыныбында қазақ әдебиеті пәнінен О.Бөкейдің «Тортай мінген ақ боз ат», Дариға Берсүгірова 9 «А» сыныбында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен «Биотехнолог маман дегеніміз кім?», Айгүл Сарбаева 8 «А» сыныбында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен М.Әуезовтің «Көксерек», Гүлбағдат Досжанова 7 «А» сыныбында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен «Төрт түліктің пайдасы» тақырыптарында ашық сабақтар өткізді. Жоғары деңгейде ұйымдастырылған сабақтар оқушылардың ізденушілік және шығармашылық қабілеттерін дамытып, жан-жақты дайындықтарын байқатты.
Ал, 7–10-сынып оқушыларының арасында «Жүректі жаулап алған жыр-жауһарлар» атты қазақ әдебиетінен үлкен орын алған жырлардан қойылған қызықты әрі жүректі тебіренткен сахналық қойылым сайысы жоғары деңгейде өтті. Апталықтың қорытындысы дөңгелек үстелмен жалғасып тауып, белсене атсалысқан оқушыларға сыйлықтар мен мақтау қағаздары табысталды. Апталықты ұйымдастырған тіл мамандарына және оқушыларға мектеп директоры Назгүл Алимова мен мектеп әкімшілігі алғыс білдірді.

Дариға БЕРСҮГІРОВА,
Айсары жалпы білім
беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің мұғалімі,
Қостанай ауданы

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.