«Адал азамат»: бір бағдарлама – сан қырлы бастама

Выпуск - №7(703)   :   20.02.2026
867

2 фото Кітапхана білім мен руханият орталығы

Ел көлемінде білім беру саласы бағытында жүйелі жұмыстар жүзеге асырылуда. Соның бірі – алты әлеуметтік жобаны қамтыған «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы. Амангелді ауданында бағдарлама қалай жүзеге асырылуда, соған тоқталып өтейік.

Театр – тәрбиенің тиімді тетігі

1 фото Театр тәрбиенің тиімді тетігі

Аудандық білім бөлімінің жоспарына сәйкес, «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында «Балалар және театр» жобасы: жас таланттардың шығармашылық әлеуетін арттыру құралы ретінде» тақырыбында аудандық семинар өтті. Театр өнері арқылы эстетикалық талғам қалыптастыру, сахналық мәдениетті жетілдіру және оқушылардың тұлғалық дамуына қолдау көрсету мақсатында ұйымдастырылған іс-шараға білім беру ұйымдарының театр үйірмелері жетекшілері, қосымша білім беру педагогтері, хореографтар мен педагог-психологтар қатысты.
Іс-шара барысында қатысушылар театр үйірмелерінің жұмысын тиімді ұйымдастыру жолдарын талқылап, оқушылардың актёрлік шеберлігін шыңдау әдістерін тәжірибе жүзінде көрсетті. – Заманауи білім беру үдерісінде театр технологияларын қолдану, психологиялық әдіс-тәсілдерді енгізу, дауыс пен дикцияны дамыту бағытындағы тәжірибелер ортаға салынды. Қатысушылар шеберлік сағаттарына қатысып, тәжірибе алмасты. Семинар соңында театр өнерінің жастардың шығармашылық әлеуетін дамытудағы маңызы айрықша атап өтіліп, жобаны алдағы уақытта да жүйелі жалғастыру туралы ұсыныстар қабылданды, – дейді Амангелді ауданы білім бөлімінің әдіскері Мақпал Мұхамбетова.

Кітапхана – білім мен руханият орталығы

3 фото Ұшқыр ой мен ашық пікір алаңы

Жаңа ауыл жалпы білім беретін мектебінде «Балалар кітапханасы» жобасы аясында «Заманауи әдістер мен озық тәжірибелер алаңы» тақырыбында аудандық семинар өтті. Аталған іс-шара мектеп кітапханаларының жұмысын жаңғырту, оқушылардың кітап оқуға қызығушылығын арттыру, заманауи кітапханалық технологияларды тиімді пайдалану және үздік тәжірибелерді кеңінен тарату мақсатында ұйымдастырылды.
Семинар барысында кітапханашылар оқырман белсенділігін арттырудың жаңа форматтарын ұсынып, цифрлық ресурстарды қолдану жолдарын, жобалық жұмыстар мен оқырман клубтарын ұйымдастыру тәжірибесін ортаға салды. Сонымен қатар шеберлік сағаттары мен тәжірибе алмасу алаңдары ұйымдастырылып, «Оқитын ұлт» жобасын жүзеге асыру жолдары талқыланды.

Ұшқыр ой мен ашық пікір алаңы

Амангелді аудандық білім бөлімі жанынан құрылған пікірсайыс лигасының жұмыс жоспарына сәйкес, «Ұшқыр ой алаңы» мәдени-ағартушылық жобасы аясында мектеп оқушылары арасында аудандық дебат турнирі ұйымдастырылып, оған 10 дебат клубының командалары қатысты. Іс-шараның ашылу салтанатында Ы.Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектеп директоры Шыңғыс Қабдрахманов пен аудандық білім бөлімінің әдіскері Мақпал Мұхамбетова барлық қатысушыларға сәттілік тілесе, аудандық лига президенті Ахмед Магомедов турнир ережесімен таныстырды.
– «Ұшқыр ой алаңы» жобасы Амангелді ауданының жалпы білім беретін мектептерінде 2021 жылдан бастап жүзеге асырылып келеді. Бүгінде жоба аясында 17 пікірсайыс клубы жұмыс істеп, 368 оқушы қосымша біліммен қамтылған. Турнир барысында жасанды интеллект, әлеуметтік желілердің бала дамуына ықпалы, сонымен қатар құқықтық мәдениет тақырыптарында қарарлар ұсынылды. Командалар дүниежүзілік мектеп форматы аясында сайысқа түсіп, өз ұстанымдарын дәлелдеуге тырысты, – дейді Мақпал Кәкімбекқызы.
Турнир нәтижесінде І орынға «Зерде» командасы (Н.Мейірманов атындағы ЖББМ), ІІ орынға «Парасат» командасы (Ы.Алтынсарин атындағы ЖББМ) мен «Зияткер» командасы (Амангелді ЖББМ) ие болды. Ал ІІІ орынды «Көзқарас» командасы (Б.Қолдасбаев атындағы ЖББМ) мен «Ділмар» командасы (Ә.Боранбаев атындағы ЖББМ) теңдей бөлісті.

Гүлім БАТЫР,
Әділет НҰРАБАЕВ,
А.Байтұрсынұлы атындағы
ҚӨУ журналистика мамандығының
4-курс студенттері

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.