Учительская плюс

Областная еженедельная общественная информационно-образовательная газета
Календарь
01/11/26 Воскресенье

Адамзаттың Абайын ардақтады

Выпуск - №10(607)   :   15.03.2024
756
2

Арқалық қаласындағы А.Құнанбаев атындағы мектеп-гимназиясында «Адамзаттың Абайы» тақырыбында мектеп мұғалімдеріне арналған облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырылды.

1

Іс-шара Абай мұрасын насихаттау, шығармашылығын ел игілігіне пайдалану, білім саласының барлық деңгейлерінде педагогикалық тәжірибе алмасу, озық еңбектерді тарату мақсатын көздеді. Конференцияға зерттеу жұмыстары, практикалық тәжірибенің сипаттамалары мен инновациялық білім беру технологиялары ұсынылды. Ғылыми-практикалық конференция 2 кезеңнен тұрды.
Бірінші кезеңде ұйымдастырушылар көптеген ашық сабақтар мен тәрбие сағаттарын ұсынды. Ұстаздардың сабақ өткізудегі ізденістері жоғары болғанын айта кеткен жөн. Оқушылардың да пәнге деген қызығушылықтары, мұғалімнің берген тапсырмаларын топтық жұмыстарда орындау тәсілдері – қалыптасқан үрдіс екені байқалды.
Мектептің 8-сынып оқушыларына өткізілген М.Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы, 6-сыныптағы Қ.Әбдіқадыровтың «Қажұмқан» әңгімесі және 11-сыныптағы М.Әуезовтың «Абай жолы» роман-эпопеясы тақырыптарында өткен қазақ әдебиеті сабақтарынан үлкен әсермен, кәдімгідей демалып шықтым. Мұғалімдер мен оқушылар арасындағы байланыс, сабаққа деген қызығушылықтары, топтық жұмыстары, ұйымшылдықтары жақсы қалыптасқан.
Конференцияның басты бағыттарына тоқталсақ, үш секцияны атап өтуге болады: «Абай –руханияттың алтын қазығы» атты гуманитарлық пәндер секциясы, «Адамзаттың Абайы – рухани жаңғыру негізі» атты жаратылыстану-математика пәндер секциясы және «Абай мұраларын орта мектептерде оқыту» тақырыбындағы бастауыш сынып секциясы.
Өз басым алғашқы гуманитарлық пәндер секциясында қатысып, «Абай афоризмдеріндегі адамгершілік тәрбиесі» атты ғылыми жұмысыммен 1-орынға ие болдым. Бұл, әрине, үлкен мәртебе. Абай атындағы мектеп директоры мен ұжымына алғысымды білдіремін.
Абай Құнанбайұлы: «Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады. Одан басқа нәрсемен оздым ғой демектің бәрі де – ақымақшылық», – демекші, адам өмірін мәнді етер осы құндылықтарға ғана шынайы ықылас танытайық дегім келеді.

Гульзада ШАЙМАРДАНҚЫЗЫ,
Абай атындағы мектептің қазақ тілі пәнінің мұғалімі,
Рудный қаласы

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.