Адамзаттың алып тұлғасы

Выпуск - №14 (410)   :   05.04.2020
316

Қазақ халқының басындағы мәңгі өшпес жарық жұлдызы Абай Құнанбаевтың биыл 175 жылдығы. Арқалық қаласындағы №10 ЖОББМ орыс тілде оқытылатын 1-4 сыныптарда «Әлемнің Абайы» атты сайыс сабағы өткізілді.

Абай – қазақтың ұлттық философиясының негізін салушы, жаратылыстың құпиясына, табиғат пен қоғамның, адам мен заманның сырына терең бойлаған кемеңгер ойшыл. Ақын ел арасында болатын көптеген жағымсыз әрекеттер: іштарлық, көрсеқызарлық, сондай-ақ көреалмаушылық, еріншектік, жалқаулық сияқты теріс қылықтардан аулақ болуға үндеп, ұрпаққа үлгі көрсетпек түгілі қарақан басын әрең алып жүрген халықтың берекесіз тірлігін күні бұрын көріп тұрғандай ашық та айқын суреттеп, тереңнен баяндаған. Абай қазақ қоғамын ерінбей еңбек етуге шақырды. Кедейшіліктен құтылудың бір тәсілі – егіншілікпен айналысу, қолөнер кәсібін және сауда-саттық жасауды үйрену екенін айтты.

Дана ақынның шығармашылығы мен өмір жолын, рухани асыл мұраларын насихаттау мақсатындағы сайыс барысында оқушылар Абайдың өлеңдерін мәнерлеп оқып, әндерін шырқады. Оқушыларды көркем сөйлеуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге көмектесуді көздеген сайыс «Абай атамыздың өлеңдерін жаттап айту», «Сұрақ-жауап», «Тапқыр болсаң, тауып көр», «Сөз тапқанға қолқа жоқ», «Білгірлер», «Абай атамыз кім?» деген 6 кезеңнен тұрды.

Сайыстың әр кезеңдерінің өзіндік қиындықтарымен қатар қызығы да болды. Қатысушылар жауаптарын екі тілде айтты. Сайыстың қорытындысына әділ қазылар кеңінен тоқталып, жақсы ат салысқан қолдаушы топтар мен жеңімпаздарды марапаттады. Мәңгі жасыл нәрлі мұраның асылын қанып ішіп, өміріне қажетті дүниелерді бойына жия білген әрбір жас ұрпақ нұрлы да шуақты болашақтың иесі боларына кәміл сенемін.


Салтанат ЕРТАЙ,
№10 ЖББОМ қазақ тілі
мен әдебиеті пәнінің мұғалімі,

 

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.