Учительская плюс

Областная еженедельная общественная информационно-образовательная газета
Календарь
09/11/26 Понедельник

Әдеттегі жиналыс ерекше форматта

Выпуск - №45(593)   :   07.12.2023
1073

Арқалық қаласындағы А.Құнанбаев атындағы мектеп-гимназиясының 1 «А» сыныбында жаңашыл ата-ана жиналысы өтті. «Кофе-брейк» форматында ұйымдастырылған жиналысқа шақыру ата-аналарға WhatsApp желісінде видеомен таратылды. 

Ата-аналар «Бес қадам» әдісінің көмегімен балаларының есіміндегі әріптермен мадақтау арқылы сынып табалдырығын аттады. Ұстазбен амандасқан соң, QR-код арқылы бірден үш топқа бөлініп отырды. Жиналыста «Отбасы – бақыт мекені» тақырыбында презентация, тақырыпқа байланысты бейнематериал ұсынылды. Ары қарай жағдаяттық оқиғалар беріліп, ата-аналар оны образға кіріп, барынша сомдап шықты. Сергіту сәтінде додокаэдрдегі қимылдарды жасап, оқушылармен бірге жасайтыр тәсілдерді пайдаландым.

Тәтті шай іше отырып, алдын ала орама қағазға дайындалған баланың оқу үлгерімі жайлы пікір алмасып, кері байланыс жүргіздік. Бұл жолы ерекше форматта ұйымдастырылған ата-аналар жиналыстан қатысушылар өте жақсы көңіл-күймен тарқасты. Сөзімді қорытындылай келе, баланың өзіндік «Менін» қалыптастыру, адамгершілік-рухани әлеуетін көтеру, қазіргі заман талабына сай өзіндік ой-пікірі мен көзқарасы қалыптасқан жеке тұлға тәрбиелеп шығару аса маңызды. Ал, бұл мақсат мектеп пен отбасының тәрбиесі ұштасып, ортақ бір мүддеге бағытталғанда ғана жан-жақты, толыққанды жүзеге аспақ.


Нургуль КАТЕШОВА,
А.Құнанбаев атындағы 
мектеп-гимназиясының
бастауыш сынып мұғалімі,
педагог-сарапшы,
Арқалық қаласы

Реклама

Как говорил Ахмет Байтурсынов, «изначально газета – глаза народа, его уши и язык. Как человеку необходимы глаза, уши и язык, так и народу нужна газета». В этом смысле считаю газету «Учительская плюс» одним из передовых изданий нашей области. Потому что здесь не только учителя, но и ученики, студенты, а также их родители могут найти самую необходимую информацию. А для учителей в особенности «Учительская плюс» является платформой для развития профессиональных навыков и обмена опытом.

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.