Аида Балаева: «ҰБТ жүйесін жаңғырту – білім сапасын арттыруға бағытталған маңызды қадам»

20.04.2026
542

Аида Балаева ҰБТ жүйесін жаңғырту білім сапасын арттыруға бағытталған маңызды қадам (1)

Қазақстанда талапкерлерді іріктеу жүйесін жетілдіру мақсатында Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) форматына бірқатар өзгерістер енгізу жоспарланып отыр. Бұл туралы ҚР премьер-министрінің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, адами капиталға инвестиция жасау – мемлекеттік саясаттың басты басымдықтарының бірі. Бұл бағыт Қасым-Жомарт Тоқаев жүргізіп отырған реформалардың негізін құрайды. Бүгінде әлем елдері білім беру жүйесін жаңғыртып, жаңа модельдер мен цифрлық шешімдерді енгізуде.
«Қазіргі таңда білім беру саласы тек білім берумен шектелмей, нақты дағдыларды меңгерген, еңбек нарығына бейімделген мамандарды даярлауға бағытталуы тиіс. Бұл – сапалы жаңа кезеңге көшу», – деді Аида Балаева.
Осыған байланысты талапкерлерді іріктеу жүйесінде, әсіресе педагогикалық мамандықтарға қабылдау кезінде жаңа тәсілдер енгізілмек. Атап айтқанда, тестілеумен қатар арнайы емтихандарды қамтитын гибридті бағалау формасы қолданылады. Бұл тәсіл талапкерлердің тек пәндік білімін ғана емес, сонымен бірге сыни ойлау, талдау және коммуникациялық дағдыларын бағалауға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, келесі жылдан бастап педагогикалық бағыттарға түсу кезінде ҰБТ нәтижелерімен қатар ауызша емтихандар да ескерілмек. Бұл емтихандарда талапкерлердің оқуға дайындығы мен кәсіби бейімділігіне ерекше назар аударылады.
Министр сондай-ақ ҰБТ-ны бір рет тапсыру форматына көшіру ұсынылып отырғанын атап өтті. Оның сөзінше, бұл шешім грант конкурсына қатысу кезінде әділ әрі объективті бағалауды қамтамасыз етуге бағытталған. Ал талапкерлердің дайындық деңгейін тексеру үшін сынақ тестілеу жүйесі сақталады.
Бұдан бөлек жоғары оқу орындарына Foundation бағдарламалары арқылы шартты қабылдау тәжірибесінен бас тарту жоспарланып отыр. Себебі мұндай жүйемен қабылданған студенттердің едәуір бөлігі оқу барысында қажетті шекті баллды жинай алмайды.
«ҰБТ жүйесін өзгерту – тестілеуден бас тарту емес. Бұл – дарынды талапкерлерді анықтап, әділ іріктеуге бағытталған маңызды қадам», – деп қорытындылады Аида Балаева.
Жалпы, ұсынылып отырған өзгерістер білім беру сапасын арттырып, елдің ұзақ мерзімді дамуына негіз болады деп күтілуде.

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.