Балаларды қорғау күнінде орталықта ұйымдастырылған мерекелік шара аясында өңіріміздің үш мектебінің әрқайсысы Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетовтың қолынан 3 млн теңгенің сертификатына ие болды.
Олар: Лисаковск қаласындағы №6 мектеп, Меңдіқара ауданының Первомай жалпы білім беретін мектебі, Жангелдин ауданының Айса Нұрманов атындағы негізгі орта білім беретін мектебі. Неге дейсіздер ғой? Аталған білім ордаларының оқушылары облыс орталығында өткен «Мектеп балалар көзімен» атты облыстық әлеуметтік жобалар байқауының жеңімпаздары атанды. Көпшілік игілігі мол деп бағалаған жоба биыл алғаш рет ұйымдастырылып отыр.Психологиялық қолдау және қосымша білім беру өңірлік орталығының ұйытқы болуымен Балалар жылы аясында өткізілген байқауда өңіріміздің түкпір-түкпірінен жиналған 17 команда дайындап әкелген әлеуметтік жобасын қорғады. Бәрі де жеңістен үмітті. Әрбір жоба өзінше ерекше. Оқушылардың көзімен қараған мектептер түрлене түсті. Олар білім ордасының әдемі болуына ғана мән бермеді, жобалардың арасында денсаулыққа пайдасы болатын, мектеп оқушыларының бос уақыттарын тиімді ұйымдастыруға бағытталған жұмыстардың да болғанын айта кеткен жөн.– Әрқайсымыз үшін мектеп – шағын ғалам және оны әр бала өзінше көреді. Білім ордасы деген – әрқайсымыздың құпияларымыз бен ескеліктерімізді сақтайтын сандық іспетті. Айналасынан әсемдікті көріп есейген бала жастайынан сұлулыққа құштар болып өседі. «Мектеп балалар көзімен» байқауына өңіріміздің 40-тан астам белсенді жастары өнер көрсетпек. Байқаудің аты айтып тұрғандай, балалар өз мектебін қалай көретінін, қауіпсіз не жайлы сезінгісі келетінін байқайтын боламыз, – деп атап өтті Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының тәрбие жұмысы және қосымша білім беру бөлімінің басшысы Карлагаш Мурзажанова.
Облыстық білім басқармасының бас маманы Қаламқас Қаратаеваның айтуынша, 17 ауданнан 17 жоба қатысуға ниет білдірген. Солардың ішінен әділ қазылар алқасының шешімімен лайық деп танылған үш жоба жеңімпаз атанды: Бірінші жеңімпаз – Жангелдин ауданының мектеп ауласындағы этно-парк жобасы, екінші жеңімпаз – Меңдіқара ауданындағы скалодром, ал үшінші жеңімпаз – Лисаковск қаласының мектеп ішіндегі коворкинг аймағы.
Ал жас өнерпаздардың жұмысына білікті мамандардан құралған қазылар алқасы әділ төрелігін жасады. Олар: Облыс әкімінің кеңесшісі, «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Анжела Альжанова, Қостанай қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімінің топогеодезия секторының бас маманы Гульнур Тулюбаева, Қостанай жоғары политехникалық колледжінің әдіскері, педагогика ғ.к., «Ы.Алтынсарин» төсбелгісінің иегері Галина Карпыкова, Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің педагогика және психология кафедрасының прфессоры Бибикуль Утегенова, «Лидер» қоғамдық қорының төрағасы, бизнес тренер Марат Бикенов.
«DEMALYS-TIME» коворкинг аймағының жобасымен Лисаковск қаласының, №6 мектептің Ұланбасы Анна Потянова, Ұланбасы орынбасары Анна Помогайко, №6 мектептің «Экоәлем» бағытының үйлестірушісі Руслана Карпыкова келді. Жоба жетекшісі Адильхан Фазылжанов аталған мектептің тәлімгері. Бұл жоба орта және жоғары мектеп оқушыларын ғана емес, педагогтер мен ата-аналарды қарым-қатынас және шығармашылық өзара іс-қимыл жасау үшін бір коворкинг-командаға біріктіру мақсатында мектеп ішінде арнайы кеңістік құруға негізделген. Жоба шеңберінде оқушыларға жайлы оқу үшін ғана емес, шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін де жағдайлар жасалмақ.
Ал «Биіктікті бағындыру» атты жабық үй-жайларда құзға өрмелеумен айналысуға арналған алаң құрылысына негізделген жобамен Меңдіқара ауданының Первомай жалпы білім беретін мектебінің 7-сынып оқушысы Әмір Ахметов, 8-сынып оқушысы Данияр Мустафин және Дарья Кушнаренко келді. Жоба жетекшісі дене шынықтыру пәнінің мұғалімі, волейбол және спорттық туризм бойынша жаттықтырушы Дмитрий Кондратьев. Жоба оқушылардың денсаулығын нығайту және сақтау, жан-жақты дене дамуын қамтамасыз ету, альпинизммен айналысу арқылы оқушылардың әлеуметтік белсенді тұлғасын дамыту үшін жағдай жасау, сонымен қатар саламатты өмір салтын насихаттау мақсатын көздейді.
Келесі «Саябақ» жобасымен Жангелдин ауданының Айса Нұрманов атындағы негізгі орта білім беретін мектебінен Аян Төлеміс, Мөлдір Әділбек, Нұрислам Батырбек келді. Жетекшісі: Салтанат Шаймағанбетова. Ұлттық нақыштағы заманауи ойын алаңын жасау (киіз үй, алтыбақан, асық алыңы, т.б.) арқылы жас ұрпақтың патриоттық сезімін қалыптастыру, ауылдың инфрақұрылым объектілерін жақсарту, мектеп алаңын креативті түрлендіру, сонымен қатар мектептегі жазғы демалыс лагеріндегі оқушыларға және мектепалды даярлық балаларына пайдалану.

Осылайша аталған жобалар жеңімпаз атанып, 3 миллион теңгенің сертификатына ие болды. Енді қаражат бөлінгшен соң, мүкіндігінше жақын арада балалар көзімен көрген мектеп жобасын жүзеге асырмақ.
Жамал ШАУКЕН,
суреттің авторы
Светлана ОФИЦЕРОВА
«Учительская плюс» – это газета, которую читаешь не по обязанности, а с интересом. Здесь нет сухих отчётов. Есть живые истории учителей, полезные методические находки, опыт коллег со всей области. Каждый номер как подсказка и поддержка. Я очень люблю нашу газету за возможность рассказать о своей работе и узнать больше о работе своих коллег по всей области.
Спасибо редакции за то, что говорите с учителем на одном языке и вселяете веру в нашу профессию!
Школу-гимназию им. Абая г. Аркалыка и газету «Учительская плюс» связывают годы крепкой дружбы. Педагоги школы всегда проявляют искреннее желание подписаться на издание, ведь они горят своим делом и хотят публиковать статьи, транслируя свой опыт. Газета стала для нас незаменимой диалоговой площадкой, где каждый педагог может щедро делиться своим уникальным опытом, профессиональными открытиями и мастерством. Возможность сотворчества с такой авторитетной газетой для меня бесконечно ценна.