«Айтулы тұлғалар, атаулы күндер»

Выпуск - №22(670)   :   13.06.2025
424

1

Ел тарихында есімдері алтын әріппен жазылған тұлғалардың туған күндері мен тарихи оқиғаларды насихаттау мақсатында Ғ.Қайырбеков атындағы жалпы білім беретін мектепте мақала тақырыбымен аттас мектепішілік конференция өткізілді.

3

Мектеп ұстаздарының белсенді атсалысуымен өткен конференция кітап көрмесінен басталып, кейін жоспарға сәйкес баяндамашыларға сөз берілді. Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдығына орай мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Г.Досанова «М.Жұмабаевтың педагогикалық еңбегі», Рахымжан Қошқарбаевтың 100 жылдығына орай тарих пәнінің мұғалімі Қ.Тұрмағанбетов «Соғыстың соңғы нүктесін қойған батыр қазақ – Р.Қошқарбаев» тақырыбында баяндама жасады. Сондай-ақ, Ш.Құдайбердіұлының 165 жылдығына байланысты «Шәкәрім жүрген ізбенен...» атты баяндаманы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ф.Мукашева ұсынды.

2


Ілияс Жансүгіровтің 130 жылдығына орай бастауыш сынып мұғалімі Л.Меңдібаева «Сұлу сөздің сүлейі» тақырыбын көтерсе, Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына байланысты тәлімгер Е.Абдушаһима «Ұлтымыздың ұлы тұлғасы – Қ.Сәтбаев» атты баяндамасын оқыды. Ал Сәкен Сейфуллиннің 130 жылдығына орай қосымша білім беру педагогі А.Тоқанов «Сегіз қырлы, бір сырлы Сәкен Сейфуллин» атты мазмұнды баяндама жасаса, Әбілхан Қастеевтің 120 жылдығына арнап бейнелеу пәнінің мұғалімі С.Жетпісбаев «Ә.Қастеевтің бейнелеу өнеріндегі ерекшелігі» атты баяндамасын ұсынды. Сондай-ақ 9-сынып жетекшісі К.Төлеубаева Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына арналған «Әлия ерлігі – өшпес тарих...» атты баяндамасымен конференцияны қорытындылады.
Конференция барысында кофе-брейк ұйымдастырылып, шараны қызықты өткізу мақсатында лотерея ойнатылды. Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары ретінде «Тұлғалар тарихы толғандырған» атты шеберлік сағатын өткіздім. Онда сабақ берудің жаңа әдіс-тәсілдері қолданылып, тәжірибе алмасу мүмкіндігі берілді. Әрине, мектеп ұжымы белсенділік танытты. Осыған орай мұғалімдердің алдына оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жаңартып отыру, заманауи технологияларды меңгеріп, оларды тиімді қолдану міндеті қойылды.
Адамның жан-жақты дамыған, білімді тұлға, саналы азамат болып қалыптасуы үшін тәрбиенің маңызы зор. Бала бойына ізгілік дәнін егіп, жақсы мен жаманды ажырата білуді, біреуге қиянат жасамауды үйрету – алдымен ата-ананың міндеті. Алайда мектептің де бала тәрбиесінде алатын орны орасан, оны жоққа шығаруға болмайды. Мектеп – тек білім беретін орын емес, сонымен қатар саналы ұрпақ тәрбиелеуде де айрықша маңызға ие. Осы тұста ұлы ойшыл әл-Фарабидің: «Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың хас жауы», – деген сөзі ойға оралады.
Қазіргі заман – жаһандану дәуірі. Қанша қорғаштасақ та, балаларды жаһанданудың ықпалынан толықтай сақтап қалу мүмкін емес. Дегенмен, осынау үдеріске қарсы тұра алатын бірден-бір жол – ол ата-бабадан жеткен ұлттық тәрбиені насихаттау және балаларға ұлттық құндылықтар негізінде білім беру. Ұлттық құндылықтарға негізделген тәрбие мен білім алған бала тілін, тарихын, салт-дәстүрі мен ұлттық болмысын терең түсініп, бойына сіңіріп өседі. Біздің мектеп те осы бағытты ұстана отырып, өскелең ұрпаққа ұлттық құндылықтарға негізделген білім мен тәрбие беріп келеді.

Гүлім КАЛИЕВА,
Ғ.Қайырбеков атындағы
жалпы білім беретін мектеп директорының
тәрбие ісі жөніндегі орынбасары,
Жангелдин ауданы

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.