Учительская плюс

Областная еженедельная общественная информационно-образовательная газета
Календарь
01/11/26 Воскресенье

Әке көрген – оқ жонар

Выпуск - №13(610)   :   05.04.2024
624

2

Абай негізгі орта мектебінде «Әке көрген – оқ жонар» атты сайысымыз өтті. Қоғамда әкенің рөлін арттыру мақсатында «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған шараға көпшілікке үлгілі ісімен танылып жүрген әкелер қатысты.

4

«Әке – асқар тау» дейді халқымыз. Қазақ отбасында әкенің орны, құрметі ерекше. Әке – сол шаңырақтың ұйытқысы, қамқоршысы, тірегі. Сондықтан, оған үлкен құрметпен қарау баланың парызы болмақ. Баланың бойындағы кез келген жақсылы-жаманды қасиетті байқаса, қазақ оны ең бірінші әке мен ата тәрбиесінен көреді, тегіне тартқан дейтіні тегін болмаса керек-ті. Іс-шараның негізгі мақсаты – әке мен бала арасындағы қарым-қатынасты жақсартуға, бала тәрбиелеудегі оның рөлінің маңыздылығын арттыруға, бала үшін қауіпсіз ортаны құру және қолдау, отбасылық құндылықтарды сақтау және нығайтуға бағытталған.

3

Тәрбиенің қалыптасқан құнды тәжірибесіне сүйене отырып, XXI ғасыр отбасы мүшелерінің бойына рухани-адамгершілік, ата салт-дәстүріндегі тәрбиелік құндылықтарды сіңіру, бірлігі мен ынтымақтастығын нығайту, бір-бірін сыйлау, адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруды көздеген байқауға әке мен баладан құралған 4 жұп қатысты. Сайысымыз 5 кезеңнен құралды: «Жеті атасын білген ер, жеті жұрттың қамын жер»; «Ата мұраң – асыл қазынаң»; «Әке көрген – оқ жонар»; «Халық тәлім-тәрбие бастауы»; «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда». Әрбір кезең 5 баллдық шкаламен бағаланып отырды.

1

Әкелер мен балалар белсенді қатысып, әрбір кезеңнен сүрінбей өтті. Әділ қазылар алқасының шешімімен жүлделі 1-орынға 7 «А» сынып оқушысы Ақан Сартон мен әкесі Дүйсенбек Алпысбаев ие болды. Ал, екінші орынды 5 «А» сынып оқушысы Бағнұр Әубәкір мен әкесі Манас Байкадамов иеленді. Үшінші орынды 6 «А» сынып оқушысы Сәтдәулет Әуелбек пен сынып жетекшісі Ақиық Хайрат және де 7 «Б» сынып оқушысы Саян Серикбаев пен сынып жетекшісі Бақытбек Санарбаевпен теңдей бөлісті.

Назым АЛПЫСБАЕВА,
Абай негізгі орта мектебі
директорының тәрбие ісі
жөніндегі орынбасары,
Қостанай ауданы

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.