Әкешім – асқар тауым

Выпуск - №11(659)   :   19.03.2025
675

1

Арқалық қаласындағы Целинный негізгі орта мектебінде «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында Алғыс айту күніне орай «Әке – асқар тауым» тақырыбында оқушылардың әкелерімен жүрекжарды кездесу өтті.

Отбасы – әр адамға қымбат ұғым. Оның ішінде әкенің орны ерекше. Ол – отбасының тірегі, балалардың қамқоршысы, ақылшысы. Әкелердің бала тәрбиесіндегі рөлін арттыру, отбасылық құндылықтарды насихаттау, ұрпақтар арасындағы байланысты нығайтуды көздеген кездесуге мектеп оқушылары, олардың әкелері және ұстаздары қатысты.
Іс-шара мерекелік дастархан басында өтті. Әкелер мен оқушылар емін-еркін әңгімелесіп, бір-бірімен жақынырақ танысты. Кездесу бағдарламасы өте қызықты әрі мазмұнды болды. Мектеп директорының м.а. М.Абенов сөз сөйлеп, әкелерді мерекемен құттықтады. Директордың тәрбие жөніндегі орынбасары З.Демесинова «Әкенің бала тәрбиесіндегі рөлі» атты баяндамасын оқып, әкенің бала өміріндегі маңызын, оның тәрбиеге қосқан үлесін және отбасылық құндылықтарды қалыптастырудағы рөлін жан-жақты ашып көрсетті.
Кездесу барысында әкелер мен оқушылар арасында қызықты тақырыптарда диалог өрбіді. Әкелер өмірлік тәжірибелерімен бөлісіп, балаларына ақыл-кеңестерін айтты. Әсіресе, «Әкеме алғыс» атты ашық хаттар ерекше тебірентті. Мерекелік іс-шара аясында оқушылар әкелеріне арнап шағын концерттік бағдарлама ұйымдастырды: ән айтты, би биледі, сынып жетекшілері Д.Муталина мен А.Күзембаева да өнер көрсетті. Өз кезегінде, әкелер өнерлеріне ризашылық білдірді.
Кездесудің ерекше сәті – «Өнегелі 15 минут» болды. Әкелер балаларына арқаннан бұзауға тағатын бас жіптің жасалу жолын көрсетті. Әлеуметтік педагог А.Сқақ «Менің балам қандай?» атты тренинг, ал А.Күзембаева «Қызықты ойындар» ұйымдастырды. Сонымен қатар, кездесуде ұлттық ойындар ойналып, әкелер мен оқушылар асық атып, қол күрестіріп, өзара күш сынасты. Бұл ойындар арқылы ұрпақтар арасындағы байланыс нығайып, ұлттық салт-дәстүрлер жаңғырды.

Зульфия ДЕМЕСИНОВА,
Целинный негізгі орта
мектебі директорының
тәрбие ісі жөніндегі орынбасары,
Арқалық қаласы

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.