Қазақтың қара өлеңін құдіретім деп жырлаған қасиетті қара өлеңнің патшасы, ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың өлеңін естімеген қазақ кемде-кем. Жыр жүйрігінің өлеңдері мен поэмаларын жатқа оқитындар Ы.Алтынсарин атындағы гимназиясында да жетерлік.

Ақиық ақынның әр өлеңінен шабыт алып, қанаттанып жүрген шәкірттеріміз бен ұстаздарымыз «Аққудың қанатында жазылған жыр» атты поэзия кешінде бас қосты. Әдеби кештің әрін кіргізетін, әрине, ақынның өз шығармашылығы. Анар Шобановна жетекшілік ететін «Жас актёр» үйірмесінің дарынды жастарынан құралған шығармашылық топ «Аққулар ұйықтағанда» жан тебіренткен поэмасымен кештің шымылдығын ашты.
Тағылымға толы кешке 5 және 9-сынып оқушылары белсене қатысты. Олар ақынның «Поэзия, сен менімен егіз бе едің?», «Шыда, шыда», «Ана» сынды өлеңдерінен бөлек, туған жер, Отанға арналған рухты жырларын да жатқа оқыды. Ақынның сөзіне жазылған әндер де шырқалып, көрермендер бір мезет әуен құшағында тербелді. Мектебіміздің 5 «А» сынып оқушысы Әлисұлтан Карбозов өзінің «Өкінбеймін» өлеңін оқып беріп, болашағынан мол үміт күттіретінін көрсетті.
– Поэзияның адам жанын жақсылыққа, ізгілікке, сұлулыққа тәрбиелейтін қасиеті бар. Мұқағали жырлары – әр адамға күш-қайрат, рух беретін өзгеше бір әлем. Өз басым солай түсінемін. Бүгінгі кештің өтуі шынымен қуантады, – дейді кешті жүргізуші шәкіртіміз Аружан Шодыкова.
Әдеби кештің тағы бір ерекшелігі – өнерсүйер қауыммен байланыс орнағанында. Ақынның тағылымды сара жолынан сұрақтар қойылып, кішігірім сыйлықтар да табысталды. Осылайша, поэзия кеші оқушыларымызды рухани байытқан іс-шара ретінде есте қалды. Кеш соңында тәрбие ісінің орынбасары Салтанат Сериковна ақынның өнері мен шығармашылығы турасында келелі ой атып, гимназиямыздағы өлеңсүйер қауымның қуанышына ортақтасып, мән мен мазмұнға толы рухани кештің ашылуымен құттықтады.
– Өскелең ұрпаққа өшпес мол мұра қалдырып, сара жол салып кеткен Мұқағалидың рухын аспандатып, гимназиямызда осындай шара өткізу – бүкіл мектепке үлгі боларлық игі бастама. Ақынның өзі айтқандай, ол расында ХХІ ғасырдың құрдасы бола білді. Осындай поэзия кештері жалғасын таба берсін! – деді Салтанат Сериковна.
Осылайша, поэзия кеші оқушыларымызды рухани байытқан кеш ретінде есте қалды.
Нұрдана ТҰРЫСБЕК,
Ы.Алтынсарин атындағы
гимназияның «Жас тілші»
үйірмесінің жетекшісі,
Арқалық қаласы
«Учительская плюс» – это газета, которую читаешь не по обязанности, а с интересом. Здесь нет сухих отчётов. Есть живые истории учителей, полезные методические находки, опыт коллег со всей области. Каждый номер как подсказка и поддержка. Я очень люблю нашу газету за возможность рассказать о своей работе и узнать больше о работе своих коллег по всей области.
Спасибо редакции за то, что говорите с учителем на одном языке и вселяете веру в нашу профессию!
Школу-гимназию им. Абая г. Аркалыка и газету «Учительская плюс» связывают годы крепкой дружбы. Педагоги школы всегда проявляют искреннее желание подписаться на издание, ведь они горят своим делом и хотят публиковать статьи, транслируя свой опыт. Газета стала для нас незаменимой диалоговой площадкой, где каждый педагог может щедро делиться своим уникальным опытом, профессиональными открытиями и мастерством. Возможность сотворчества с такой авторитетной газетой для меня бесконечно ценна.