Ақын Абайға арналған кеш

Выпуск - №5(401)   :   31.01.2020
888

Қарасу орта мектебінде Абайдың 175 жылдығына орай «Абай – дана, Абай – дара қазақта!» атты әдеби-сазды кеш болып өтті. Шара оқушыларды ақынның өмірі мен шығармашылығымен таныстыруды көздеді.

Қазақ әдебиетінің классигі, философы – Абайдың өмір жолы мен әдеби туындыларымен таныстырып, насихаттау, оқырмандық мәдениетті қалыптастыру, сонымен қатар, мемлекеттік тілдің мәртебесін асырып, оның қолданыс аясын кеңейтуге қомақты үлес қосуды көздеген мерекелік кеш қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігінің ұйымдастыруымен өтті. Әдеби-сазды кеш мектеп директоры Қаби Гауһар Арғынқызының құттықтау сөзімен басталды. Мектеп директоры өз құттықтау сөзінде мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру бағытында қол жеткізген айтарлықтай жетістіктерге тоқталып, кешті ұйымдастырушы тіл мамандарына ризашылығын білдірді.

Артынша оқушылар ұмытылмас шығармаларымен қазақ әдебиетін өз шоқтығымен биіктеткен ақынның өмір деректеріне тоқталып, шығармаларына шолу жасады. Мерекеде Абайдың табиғат пен махаббат, білім мен өнер жайлы өлеңдері орындалып, ерекше көрініс тапты. Балалар поэзияға деген қабілеттерін көрсетіп, «Қыс», «Жаз», «Жазғытұры», «Қараша, желтоқсан мен сол бір-екі ай...», «Көк ала бұлт сөгіліп», «Ерекше естен кетпес қызық қайда?», «Мен сәлем жазамын» сынды басқа да өлеңдерін шабыттана орындады. 8-сынып оқушыларымен қойылған Абайдың «Он жетінші сөзі», 10-сынып оқушыларының актерлік шеберлігімен сахналанған «Абай мен Әбіш» қойылымы мектеп ұжымын таңқалдырды. Қыздар тобының орындауында нәзік сезім мен лирикаға толы «Көзімнің қарасы» және «Желсіз түнде жарық ай» әндерін балалар мен мұғалімдер үлкен ықыласпен тыңдады.

Мереке аудандық Мәдениет үйінің әдіскері, дарынды әнші Есімхан Тоқыбаевтың орындауындағы кемеңгер ақынның әндерімен жалғасын тапты. Шара соңында акт залында жиналған оқушылар мен педагогтер халық әніне айналған «Көзімнің қарасын» бірлесе шырқады. Елбасының: «Рухани жаңғыру тікелей Абайдан бастау алады», – деген сөзі бар. Абай атамыздың 175 жылдығына бағытталған шаралар осы мерекемен шектеліп қалмай, әрі қарай да өз жалғасын табатын болады.


Лейла ОСПАНОВА,
Қарасу ОМ қазақ
тілі мен әдебиеті
пәнінің мұғалімі

ГЛАВНЫЕ НОВОСТИ

Путь, заданный великим учителем

2 дня назад в 14:44

Патриотическое воспитание

Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия

2 дня назад в 14:40

Профессиональное содружество

Эффективное взаимодействие педагогов и родителей

2 дня назад в 14:36

ДОШКОЛЬНОЕ ВОСПИТАНИЕ

История первого детского сада Лисаковска

2 дня назад в 14:33

ДОШКОЛЬНОЕ ВОСПИТАНИЕ

Актуально

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.