Жыл сайын Қостанай қаласындағы №10 жалпы білім беретін мектебінде Тілдер күніне арналған іс-шара өтеді. Биыл да дәстүрге сай «Ана тілім – мақтанышым, мерейім» атты тілдер апталығына орай «Ақын сөзінің мәнділігі – мәңгілігі» тақырыбында кездесу өтті.

Кездесу кеші Республикалық айтыстардың бірнеше дүркін лауреаты, Қазақстанның мәдениет қайраткері, айтыскер ақын, қаламгер жазушы, ардақты ұстаз Орманшина Әлпия Карбозқызымен ұйымдастырылып, оған мектебіміздің 10 «А» сынып оқушылары қатысты. Әдеби кеш оқушыларды айтыскер ақын Әлпия Карбозқызының шығармашылығымен таныстырып, ақын өлеңдері арқылы халқына, Отанға деген сүйіспеншілік сезімдерін және ана тіліне деген құрметтерін оятуды көздеді. Кездесу еліміздегі қазіргі ахуалға сай барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып өткізілді.
Кеш басы қазақтың күмбірлеген күйімен ашылып, мағыналы әңгімеге ұласты. Салтанатты сәттен кейін мектебіміздің директоры Айымгүл Балтабаеваға құттықтау сөз кезегі берілді. Салиқалы әңгіме барысында Әлпия Карбозқызы өзінің өмірбаяны, шығармашылығы, өміріндегі басынан кешкен қызықты оқиғалары жайлы баяндап, өзінің шығармашылығындағы шоқтығы биік өлеңдерден оқып беріп, оқушыларға тарту етті. Келесі кезекте, ақын апамыздың немересі, 10 «А» сынып оқушысы Аяжан, әжесінің өзіне арнап жазған өлеңін жатқа оқып берді.
Сөз кезегінде Әлпия Орманшина мектеп оқушыларымен тіліміздің құндылығы, маңызы, оны құрметтеу мен қадірлеу хақында ашық әңгіме қозғады. Кешіміз ақын апамыздың тіл жайында жазған керемет туындыларын таныстырумен жалғасты. Сонымен қатар сынып оқушылары да өздерінің дайындап келген сауалдарын апайымызға қойып, көңілге қонарлық, ұтымды жауап алды. Артынша Әлпия апамыздың өлеңдерін жарыса жаттап, алдағы уақытта бұдан да үлкен кеш өткізетіндеріне уәде етті. Кеш соңы Әлпия Карбозқызының аналық ақ батасын беруімен тәмәмдалды.
Тіл – мемлекеттің басты айшығы, елдігіміздің тұғыры, адамзатты байланыстырушы, ойы мен сөзін жеткізуші қарым-қатынас құралы ғана емес, ұлттың діңгегі. Ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан бабалар мұрасын шығармашылығына арқау етіп жүрген Әлпия апамызға алтын уақытын бөліп, шығармашылығын балалармен бөлісіп, тамаша сұхбат бергеніне алғысымызды білдірдік. Тіл жанашыры бола білген, жастарға бағыт-бағдар берер осындай сөзінің мәнділігі бар – мәңгілік ақындарымыз азаймасын.
Гүлбаршын БОРАНОВА,
№10 ЖББМ қазақ тілі
мен әдебиеті пәнінің мұғалімі,
Қостанай қаласы
Как говорил Ахмет Байтурсынов, «изначально газета – глаза народа, его уши и язык. Как человеку необходимы глаза, уши и язык, так и народу нужна газета». В этом смысле считаю газету «Учительская плюс» одним из передовых изданий нашей области. Потому что здесь не только учителя, но и ученики, студенты, а также их родители могут найти самую необходимую информацию. А для учителей в особенности «Учительская плюс» является платформой для развития профессиональных навыков и обмена опытом.
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.