Халықтың рухани қазынасы саналатын айтыс өнерін жас ұрпақ арасында насихаттап, балалардың бойындағы дарынын жетілдіру мақсатында Қостанайдағы №27 мектепте «Ақындар мектебі» үйірмесі қолға алынды.

Ақындық қабілеті бар жастарды айтыс өнеріне баулуды мақсат еткен үйірменің салтанатты ашылу рәсіміне ақын Серікбай Оспанов, Ы.Алтынсарин музейінің директоры Марғұлан Оспанов, білім бөлімінің мамандары мен мектеп оқушылары қатысты. Бұл айтулы бастаманы өңірімізге аты мәлім жас айтыскер ақын, қазіргі уақытта №27 мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Нұрсұлтан Қасым қолға алып отыр.

– Бүгінгі игі шарамызға біздің өңірге ғана емес, бүкіл елімізге танымал өнер майталмандары, ғылым, білім саласының білікті мамандары қатысып отыр. Оның өзі осы үйірменің ашылуының ауқымдылығын көрсетіп отыр деп ойлаймын. Қазіргі уақытта үйірмеге 14 бала қатысып, алғашқы шәкірттерім болмақшы. Енді алдағы оқу жылы барысында олармен жұмыс істеп, жағымды жаңалықтарымызбен бөлісетін боламыз, – дейді ол.
Жиынға қатысқан құрметті қонақтардан алғашқылардың бірі болып сөз алған Серікбай Оспанов ағамыз игілікті істің нәтижелі болуын тілеп, күй өнері мен домбырашылық туралы ықылым заманнан келе жатқан насихат сөздерімен бөлісті.
– Домбыра біздің дәуірімізге дейін 5 мың жыл бұрын пайда болған екен. Қазақта домбыра туралы әдет-ғұрып салт-дәстүрлеріміз ұшан-теңіз. Соның біреуін айта өтейін. Бір шаңырақта шебер домбырашы қайтыс болатын болса, төрде ілулі тұрған домбыраны теріс қаратып іліп қояды екен. Сонда үйге келіп, соны көрген адам Құран оқи бастайтын көрінеді. Солай 40 күн тұрады, артынша бетін бері қаратады. Кейін оны сол домбырашының шәкіртіне немесе өзінің туған туыстарының арасындағы домбыраға икемі бар балаға береді екен. Өйткені, бір жылдан кейін домбыра да «өледі», үні шықпай қалады. Берік Жүсіп деген бауырым: «Мен Алматыдаға домбыра музейіне бара алмаймын. Ол маған домбыраның қабірі сияқты көрінеді», – дейді. Жалпы қазақтың жаны домбыра деп бекер айтылмаса керек, – деді.

Кеш барысында ізгі тілегін оймайты ойларымен қатар әуезді ән мен күмбірлеген күйімен жеткізгендер де болды. Облысымызға танымал күйші Наурызбай Әмірхамзин жиналғандарды күймен бір серпілтсе, Тобыл-Торғай өңірінде жыршылық өнерді насихаттап жүрген Абзал Алпысов Нұрхан Ахметбековтың «Торғайдан сәлем» деп аталатын туындысын орындап берді.
Жамал ШАУКЕН
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.