Қостанай қаласындағы Аэропорт шағынауданындағы №29 ЖББ мектебіне өткен жылдың қараша айының 21-інде Әлихан Бөкейханның есімі берілді. Бұл ерекше жаңалықты ұстаздар қауымы мен ата-аналар, оқушыларымыз қуанышпен қабылдады.
Мектебімізге Әлихан Бөкейханың есімі берілген күннен бастап, мектеп ұжымы ұлы тұлға жайлы ауқымды іс-шараларын жоспарлап, оны іске асыруды алдына мақсат етіп қойды. Білім ордасының басшысы ретінде, мектебіміздің төріне Әлихан Бөкейханның ескерткіш мүсінін орнатып, қалалық деңгейде салтанатты түрде ашып, ғылыми-практикалық конференция ұйымдастыру жайлы ұйымшыл ұстаздар ұжымыма ой тастадым. Әріптестерімнің бірлігі мен қолдауының арқасында күні кеше «Әлихан Бөкейхан – Алаш мұраты және тәуелсіздік құндылығы» атты қалалық ғылыми-тәжірибелік конференция өткіздік.
Аталған іс-шараға құрметті қонақтарымыз бен қаламыздың ұстаздары шақырылды. Әлихан Бөкейханның ескерткіш бюстінің лентасын қию рәсімі Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің философия ғылымдарының докторы, профессор, қоғам қайраткері Қалқаман Жақып пен Ыбырай Алтынсарин мұражайының директоры Марғұлан Оспановқа берілді. Артынша Қостанай облысының мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы басшысының орынбасары Гүлжан Мендекинова сол кездегі басқарма басшысы Ерлан Қалмақовтың (жақында Ерлан Болатұлы Дін істері басқармасының басшысы болып тағайындалды) құттықтау сөздері мен жылы лебізін жеткізді.
Мектеп фойесінде келген қонақтарымызға көрме ұйымдастырылды. Онда 2019 жылдан бері ұстаздарымыз бен оқушыларымыздың білім айдынында жеткен жетістіктері мен қолөнер бұйымдары, Әлихан атамызға арналған суреттер көрмесі жұртшылық назарына ұсынылды. Әрі қарай іс-шарамыз мектептің акт залында өткен салтанатты бөліммен жалғасын тапты. Мектеп басшы ретінде ұжым атынан келген қонақтарға ризашылығымды білдіріп, атқарылып жатқан іс-шараларға қысқаша тоқталып өттім. Салтанатты шарада Қостанай қаласы білім бөлімінің әдіскері Жанар Жумагулова қалалық білім бөлімінің басшысы Гульсим Уразбаеваның жылы лебізін жеткізді. Әріптесіміз, Рудный қаласындағы Әлихан Бөкейхан атындағы мектептің тарих пәнінің мұғалімі Макпал Байтилеуова да конференцияның ашылуымен құттықтады.
Жиын барысында Әлихан Бөкейханның ескерткіш бюстінің жасалуына қаржылай көмек көрсеткен демеушілеріміз – «Шанс» баскетбол мектебінің жетекшісі Марат Даутов пен «Алсар» ЖК жетекшісі Асхат Ибраевқа қалалық білім бөлімінің басшысы Гульсим Адилхановнаның атынан Алғыс хаттарды табыс еттік. Іс-шарада Әлихан Бөкейханның қазақ елі үшін жасаған қызметінен тағылым берер сахналық қойылым көрсетіліп, оқушылар М.Жұмабаевтың «Мен жастарға сенемін», С.Торайғыровтың «Алаш ұраны», Қ.Сариннің «Тәуелсіздік» атты өлеңдерін нақышына келтіріп оқыды. «Favorite» би ансамблі мен «Жұлдыз» тобының өнерпаздары сахна төрінде өнер көрсетті. Д.Мустафинаның орындауындағы Абай атамыздың «Желсіз түнде жарық-ай» әні мен Д.Акжолованың «Симфониялық» пьесасына қонақтар шынайы алғыстарын білдірді.
Іс-шаралар жоспарға сай пленарлық отырыспен жалғасын тауып, мектеп ұстаздары мен қонақтарымыз тарихшы А.Кадыржанұлы, Ахмет Байтұрсынов атындағы ҚӨУ-дің әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының аға оқытушысы Т.Жандәулетов, тарих ғ.к., тарих және қоғамдық ғылымдар академигі, қоғамдық-гуманитарлық пәндер кафедрасының доценті Ж.Шәукенов, Әулиекөл ауданындағы Чернышев ЖББ мектебінің директоры Д.Мукышева өз баяндамаларымен бөлісті. Конференция соңында мектебіміздің ұстаздары мен оқушыларының бірлесе дайындаған концерттік бағдарламасы ұсынылып, іс-шараны қорытындылау мақсатында қатысушыларға сертификаттар табысталды.
Қазақтың тарих көшінің бағыт-бағдарын белгілеп, ел мен жер, тіл мен діл тағдыры, дін мен дәстүр тұтастығын сақтау үшін жұрт жұмысының жауапкершілігін мойнына жүктеп, бәйгеге тіккен тарихи тұлғаларымыз аз емес. Иә, бұл кезеңде елге адал қызмет еткен ұлт зиялыларының әрқайсысының тарихымыздағы өзіндік орны, ұлтымыздың оянуына, өркендеуіне сіңірген зор еңбегі бар. Ол – айдан анық. Алайда, солардың арасында қайсар мінез, табанды қайраткерлік болмысымен, саяси күрескерлік рухының биіктігімен және жан-жақты білімділігімен, бүтін бір елдің тағдыры мен оның алдыңғы қатарлы зиялы қауымын қалыптастыру, азаттық үшін бірігіп күресу жолында көшбасшылық қасиетімен ерекшеленіп, дараланып тұрған ең көрнекті тұлға – Әлихан Нұрмұхамедұлы.
Жанар КУШАНОВА,
Ә.Бөкейхан атындағы ЖББ
мектебінің директоры,
Қостанай қаласы
Не тот учитель, кто получает воспитание и образование учителя, а тот, у кого есть внутренняя уверенность в том, что он есть, должен быть и не может быть иным. Эта уверенность встречается редко и может быть доказана только жертвами, которые человек приносит своему призванию.
Если учитель имеет только любовь к делу, он будет хороший учитель. Если учитель имеет только любовь к ученику, как отец, мать, он будет лучше того учителя, который прочёл все книги, но не имеет любви ни к делу, ни к ученикам. Если учитель соединяет в себе любовь к делу и к ученикам, он совершенный учитель.