Адамзат өміріне қауіп төндіріп отырған қатерлі АИТВ/СПИД дертінің алдын алу, одан сақтану жолдары туралы Қадрон Серик Ауезбайұлы Заречный ЖББ мектебімізге арнайы келіп, оқушыларға түсіндерме жұмыстарын жүргізді.

Қостанай облыстық ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығындағы профилактикалық жұмыс бөлімінің оқытушысы Серік Ауезбайұлы кездесу барысында қауіпті вирус жайлы мәліметтермен таныстыра отырып, оқушыларға оның алдын алудың жолдарымен таныстырып өтті. Соңғы жылдары жер шары халықтарының назары АИТВ/СПИД (иммунитет жетіспеушілік синдромы) дертіне аууда, қазірдің өзінде ондаған мың адамдардың өмірін жойған осы бір қатерлі ауру жайында жұмыр жердің түкпір-түкпірінде күн сайын хабар бермей отырған бірде-бір газет, журнал, теледидар немесе радио торабы жоқ.
Бұл дерттің қара бұлты бүкіл жер шарын басып келеді. Сондықтан осы аурудың алғашқы және негізгі белгілері, одан сақтану жолдары, аурудың алдын алу және емдеу тәсілдерін білгеніміз жөн. АИТВ/СПИД қоздырғышын немесе адамда иммунитет жетіспеушілікті туғызатын вирусты (ВИЧ-1) 1983 жылы француз ғалымы, вирусолог Л.Монтанье тапты. Ал 1984 жылы америкалық ғалым Р.Галло вирустың барлық қасиеттерін жан-жақты тексеріп жарияланды.
АИТВ/СПИД вирусы адам ағзасында қалай өмір сүреді? Адам ағзасына енген ол қанның лимфоцит клеткаларының ішіне кіріп, клетканың генетикалық аппаратына жабысып, тез көбейе бастайды. Осының әсерінен клетка жарылып өледі. Одан шыққан вирустар жаңа клеткаларға жабылып, өткен процестерді қайталайды. Лимфоцит клеткаларының осылай өле беруі салдарынан күндердің күнінде ағзасында иммунитет жетіспеушілік пайда болады.

Бұл жасырын кезең ондаған жылға дейін созылуы мүмкін. Айырықша еске салатын жай, осы жасырын кезең кезінде адам өзін аурумын деп есептемейді. Бірақ, ол өзімен қатынастағы адамдарға жұқпалы аурудың көзі ретінде АИТВ/СПИД-ті тарата береді. Мәселен, бұл наркотикті егеушілердің инесі арқылы жұғады. АИТВ/СПИД-тен сақтану үшін не істеу керек? Ол үшін ішімдікке әуестік, токсикомандық, шылым шегу сияқты заттардан аулақ болған жөн. Ол ойды да, бойды да өсірмейді. Қайта денсаулығыңды әлсіретіп, өмір жасыңды қысқартады. Ал дені саудан, жаны саудан артық ештеңе жоқ. Байлық та, бақыт та сол емес пе?
Адамдағы иммунитет тапшылығы вирусын жұқтырғандар саны өте жылдам көбеюде. Тіпті бұл дерт балалар өміріне де балта шабуда. АИТВ/СПИД ауруын тудыратын вирус – ВИЧ нәрестеге осы аурумен ауыратын ананың құрсағында жатқан кезінде немесе дүниеге келгеннен кейін қан арқылы, емізгенде жұғады. Кейде АИТВ/СПИД вирусын жұқтырған адамның қанынан ем ретінде сау балаға құйғанда да, бір рет қана қолданатын инені қайталап қолдану кезінде де жұғуы мүмкін. Қорыты келе, АИТВ/СПИД – адамзат алдында тұрған тек медициналық қана емес, әлеуметтік мәселе. Оның алдын алу жолында бірден-бір көмекші құрал – ақпараттандыру. Сондықтан бұл істің маңызына шүбә келтірмей, әлеуметтік мәселеге қоғам болып атсалыссақ игі.
Сандуғаш КАРМАНОВА,
Заречный ЖББМ
әлеуметтік педагогі,
Айгерім ЖАНАЙДАРОВА,
мектеп медбикесі,
Қостанай ауданы
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.