Ғылым мен техника қарқынды дамып, еліміз өзге елдермен иық тіресетіндей жағдайға жеттік. Бәрі де тынымсыз еңбектің арқасында екені сөзсіз. Мектебімізде нақты ғылымдарды әспеттеген математика және жаратылыстану бағытындағы пәндер онкүндігі өтті.
.jpg)
Математика және жаратылыстану бағытындағы пән сабақтарында және сабақтан тыс іс-шараларда оқытудың заманауи тәсілдерін қолдана отырып, оқушылардың білім алуға деген қызығушылығын арттыру, ой-өрісі мен таным белсенділіктерін жан-жақты жетілдіру мақсатын көздеген онкүндіктің ашылуында мектебіміздің 1 қабатында оқушыларға «Дойбы», «Біліміңді мергендігіңмен сына», «Дартс ату» сияқты қызықты ойындар ұйымдастырылып, жеңімпаздар сыйлықтарға ие болды.
Бірлестік мұғалімдері жоспарға сай ашық сабақтарын өткізіп, көптеген әдіс-тәсілдерді қаншалықты деңгейде қолданатындықтарын тәжірибе жүзінде көрсетті. Сабақтарды өткізу барысында пән мұғалімдері өздерін жан-жақты қырларынан көрсете білді. Қазіргі заманға сай өздерінің дайындықтары мен түрлі білім платформаларында жұмыс істей алатындықтарын аңғартты. Интербелсенді әдістердің көмегімен тапсырма беріп, сабақтарында ұтымды қолдана білді. Ал 8-сыныптарда алгебра және физика пәндерінен зерттеу сабақтары жүргізіліп, пән мұғалімдері шығармашылық топ ұстаздарымен бірлесе жұмыстар атқара білді.

Сыныптан тыс іс-шаралар да жоғары деңгейде өткізіліп, оқушылар белсене қатысты. Мысалы, 5-сыныптар арасында «Математика және спорт» атты сыныптан тыс іс-шара ұйымдастырылды. Төрт кезеңнен тұрған сайысқа оқушылар үлкен қызығушылықпен атсалысты. 9-сыныптар арасында химия пәнінен «Қызық екен!» интеллектуалды ойыны қолға алынып, оқушылардың білімдері сынға түсті. Нәтижесінде 9 «Б» сыныбынан құралған «Никель» тобы жеңіске жетті. Ал 10–11-сыныптар арасында математика және жаратылыстану бағытындағы пәндерге қатысты қызықты тапсырмалардан құралған квест ойыны болды. Ойын нәтижесінде өз білімдері мен шапшаңдықтарын көрсетіп, 10 «Ә» сынып оқушыларынан құралған команда жеңіске жетті.
Тағылымға толы онкүндік аясында ұйымдастырылған «Тәттілер жәрмеңкесі» оқушылардың көңілінен шықты. «Табиғатты тілсіз жаудан қорғаймыз!» тақырыбында мектебіміздің география пәні мұғалімдерінің бастамасымен 6-сынып оқушыларына №1 МӨСБ ТЖ өрт сөндірушілер мен құрқарушылар мұражайына саяхат сабағы өткізілді. Оқушылар мұражайға саяхат жасай отырып, өрт сөндіру техникаларымен, нысандар мен экспонаттар туралы көптеген мәліметтер ала білді.
Әдеттегідей мектебіміздің ұстаздарына «Сабақта интербелсенді әдістерді тиімді қолдану» тақырыбында коучинг-практикум өткізілді. Коучингте аталған бірлестіктің пән мұғалімдері тәжіриебелерімен бөлісті. Коучинг-практикум жоғары деғгейде өткізіліп, қатысқан барлық мұғалімдерден оң баға алды. Онкүндікте өткізілген әрбір ашық сабақтар мен сыныптан тыс іс-шаралар мектебіміздің әлеуметтік желілерінде жарияланып отырды, кез келген уақытта қосылып танысуға мүмкіндік болды. Жалпы, пәндер онкүндігі өз тақырыптарына сай ұйымдастырылып, мақсатына жетті деп толық айтуға болады.
Жаңа ғасыр өзгерістері соған сай барлық әдіс-тәсілмен қаруланған ұстаздарға еш қиындық туғызбағанын осы онкүндік аясында тағы бір мәрте дәлелдеді. Өткізілген іс-шаралар барысында белсене қатысқан оқушылар марапатталып, сыйлықтар табысталды. Өзімнің пайымдауымша, екі апта бойы өткізілген сайыстарға қатысқандар да, көрермендер де жақсы әсер алды. Олар интеллектуалды тұлға бола білуді, алғыр болуды, шешімдерді қабылдай алуды үйренді. Осылайша онкүндік оқушылардың жаратылыстану-математика пәндеріне деген қызығушылықтарын оятып, одан әрі талпындыра түсті.
Қаламқас ДУЛЫБАЕВА,
Мемлекеттік тілде
оқытатын Заречный
ЖББМ математика
пәнінің мұғалімі,
Қостанай ауданы
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.