Мемлекеттік тілде оқытатын Заречный орта мектебінде буллинг пен кибербуллингтің алдын алуға бағытталған шаралар өткізілді. Ондағы мақсат – балалардың әлеуметтік желідегі қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Шараға 1-11 сынып оқушылары ат салысты. Сонымен қатар ата-аналардың қатысуымен де түрлі жұмыстар жүргізілді. Бастауыш сынып оқушыларының арасында өткізілген сынып сағаттарында қатарластарымен қалай дос болу керектігін, бір-біріне түсіністікпен және сыйластықпен қарау керектігі түсіндірілді. Ал жоғарғы сыныптар буллинг пен кибербуллингтің алдын алу жолындағы әр түрлі өзекті тақыптарда жұмыс істеді.
Атап айтар болсақ, «Буллинг және кибербуллинг құрбаны болмаудың жолдары», «Буллинг пен кибербуллинг: балаларды қудалаудан қалай қорғауға болады», «Буллинг және оның алдын-алу жолдары», т. б. тақырыптар қозғалды. Оқушылар буллинг пен кибербуллинке жол бермеу мақсатында суреттер салып, өз ойларын ашық айтып, ортамен бөлісті. Оқушылар қашықтан білім алып жатса да, үлкен белсенділікпен қатысқандығын айта кеткен жөн.
Толқын ХҰСАЙНОВА,
Мемлекеттік тілде оқытатын
Заречный ОМ психологы,
Қостанай ауданы
«Учительская плюс» – это газета, которую читаешь не по обязанности, а с интересом. Здесь нет сухих отчётов. Есть живые истории учителей, полезные методические находки, опыт коллег со всей области. Каждый номер как подсказка и поддержка. Я очень люблю нашу газету за возможность рассказать о своей работе и узнать больше о работе своих коллег по всей области.
Спасибо редакции за то, что говорите с учителем на одном языке и вселяете веру в нашу профессию!
Школу-гимназию им. Абая г. Аркалыка и газету «Учительская плюс» связывают годы крепкой дружбы. Педагоги школы всегда проявляют искреннее желание подписаться на издание, ведь они горят своим делом и хотят публиковать статьи, транслируя свой опыт. Газета стала для нас незаменимой диалоговой площадкой, где каждый педагог может щедро делиться своим уникальным опытом, профессиональными открытиями и мастерством. Возможность сотворчества с такой авторитетной газетой для меня бесконечно ценна.