Алғашқы әскери дайындық кабинеті ашылды

Выпуск - №44(491)   :   13.11.2021
838

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында бірталай жобалар іске асырылуда. Соның бірі – Ә.Боранбав атындағы мектепте Амангелді ЖҰРМАҒАНБЕТОВ атындағы Алғашқы әскери даярлық кабинеті ашылды.

Шараға аудан әкімінің орынбарсы Болат Алпысбаев, қарт ұстаздар Ағыбай Төлегенов, Жаңылша Шайхыстанова, Ғалия Көбенова, аудандық мұражайдың басшысы Сақан Төленов, Амангелді Төкенұлының отбасы және ұрпақтары, туыс-туғандары, оқушылар мен ұстаздар және БАҚ өкілдері қатысты. Алдымен қолөнер көрмесі және «Мәңгілік ел – Астана» кітап көрмесі таныстырылып, бірқатар оқушылар әзірленген концерттік бағдарлама ұсынылды. Артынша келушілерге сахна саңлағы Әнуар Боранбаев атындағы мектеп мұражайы таныстырылды. А.Төкенұлының есімін иеленген Алғашқы әскери даярлық кабинетінің ашылуына байланысты алғашқы құттықтау сөз аудан әкімінің орынбарсы Болат Алпысбаевқа берілді.

– Бүгінде аудан орталығындағы Әнуар Боранбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінде Жұрмағанбетов Амангелді Төкенұлы есімімен «Алғашқы әскери дайындық» кабинеті ашылуда. Амангелді Төкенұлы ұзақ жылдар бойы әр түрлі салада қызмет атқарып, 2003 жылдан бастап осы мектепте алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі болып қызмет атқарған ұлағатты ұстаз. Мектепте ұзақ жылдар қызмет атқарып, ұрпақты білім мен тәрбиемен сусындатып, үлкен еңбек еткен аға-апаларымызға қандай құрмет жасасақ та артық емес. Өйткені ұстаз – мектептің жүрегі. Ұстаз, өз кезегінде, шәкірттерін білім шыңына көтеріп, бар ғұмырын ұрпақ тәрбиесіне арнайды.


Біз бүгін өмірін осы бала тәрбиесіне арнаған ұлағатты ұстаздардың есімін жаңғыртып, еске алып отырмыз. Осы жерде қатысып отырған ардақты ұстаздың ұрпақтарына атаулы кабинетті безендіріп, барлық заманауи керекті құралдармен жабдықтап, демеушілік жасағандары үшін алғысымды білдіргім келеді. Ұлттық төл мұрамызды жаңғырту мақсатында ашылған алғашқы әскери дайындық кабинеті ел келешегі үшін қызмет жасай берсін. Құрметті қонақтар, ұстаздар және оқушылар! Баршаңызды бүгінгі кабинеттің ашылуымен тағы да құттықтай отырып, жаңа жетістіктер, толайым табыстар тілеймін, – деп тілек білдірді.


Содан соң Марқұм Амангелді Төкенұлымен қызметтес, әріптес болған «Ұлағатты ұстаз», ардагер педагог, мектеп директоры Ағыбай Әбдікәрімұлына, сонымен қатар бүгінгі айтулы да айшықты күні достары да өздерінің септігін тигізген Амангелдінің сырласқан досы, сыныптасы Сақан Оңжанұлы, ұстаздық жолда тыңбай еңбек етіп келе жатқан ардақты ұстаз Ғалия Абдрахманқызы, қарт ұстаз Жаңылша Шайхыстанова, туысы Айжан Жақсылыққызы, мектеп басшысы Салих Жеңісұлына сөз сөйлеп, бірқарат естеліктер айтты. Кабинет ашылуына өз қолдауын білдіріп, демеушілік жасаған туыс-туғандарына, достарына алғыс білдіреміз.


Әнет ЖҰМАБЕК,
Амангелді ауданы

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.