«Әліппе» мен «Ана тілі» қайта оралмақ

Выпуск - №27-28 (423-424)   :   15.08.2020
577

Осы уақытқа дейін халық тарапынан бастауыш сыныптағы білім сапасына, бірінші сынып оқушыларына берілетін жүктеменің шектен тыс екендігі айтылып келді. Енді «ақ түйенің қарны жарылып», жаңа оқу жылынан бастап 1-сынып оқушылары «Әліппе» мен «Ана тілін» оқиды.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылғы Тамыз конференциясында Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мектеп бағдарламасынан алынып тасталған «Әліппе» 2021 жылы қайта енгізілетінін мәлімдеді.

«Әліппе мәселесін көптен бері ұстаздарымыз, ата-аналар көтеріп жүр. Бұл мәселе маңызды. Біз әліппені қайтару керек деп есептейміз. Ол 2021 жылы өздеріңізге жақсы таныс қазақ тіліне бейімделген Ахмет Байтұрсыновтың әдістемесі негізінде енгізіледі. Біз қазір осыған байланысты жұмыс жүргізіп жатырмыз», – дей келе Асхат Қанатұлы «Әліппенің» бірнеше нұсқасы қарастырылғанын, бірақ баспалардың «қисынсыз» нұсқаларынан соң Ахмет Байтұрсыновтың әдістемесіне тоқталғанын айтқан.

Енді Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында: «Жуырда Мемлекеттік жалпыға міндетті стандартқа өзгерістер енгізіліп, Әділет министрлігінде тіркеуден өтті. Ондағы маңызды жаңалықтардың бірі – келесі 2021 оқу жылында бірінші сынып оқушылары «Сауат ашу» пәнінің орнына «Әліппе» мен «Ана тілін» оқитын болады», – деп жазды сала министрі.

Аталмыш жаңалық көптің құлағына майдай жағып, балалардың болашағына деген сенімді ұялатты. Министрдің бұл шешіміне ұстаздар қауымы да риза екендіктерін жеткізуде.

Енді 1-сынып оқушылары осыдан бірнеше жыл бұрынғы жүйе бойынша білім алады. Яғни, олар оқу жылының бастапқы екі тоқсанында «Әліппенің» бағдарламасын оқыса, қалған екі тоқсанда «Ана тілі» пәнін оқиды. Ал орыс тілінде немесе басқа тілдерде білім алатын сыныптарда «Букварь» мен «Обучение грамоте» пәндері жүргізілетін болады. «Әліппе» Ахмет Байтұрсынұлының әдістемесі негізінде дайындалатынын да айта кеткен жөн. Бұл күндері оқулықтарды әзірлеу бойынша үлкен жұмыс жүргізілуде.

– Бірыңғай бағдарлама жасаумен айналысатын жұмыс тобын құрдық. Оның құрамында мықты тіл мамандары, әдіскерлер, бастауыш сынып мұғалімдері мен бұған дейін оқытылған «Әліппе» оқулықтарының авторлары бар. Орынбасарым Шолпан Каринова осы жұмыс тобының алғашқы отырысын өткізіп те үлгерді. Бағдарламалар мен оқулықтар дайын болғаннан кейін оларды пилоттық мектептерде сынақтан өткіземіз деп жоспарлап отырмыз. Кейін басқа мектептерге жіберілетін болады. Бұл мәселе менің жіті бақылауымда, – деп атап өтті еліміздің бас педагогі әлеуметтік желідегі жазбасының соңында.

Бұл мәселеге де нүкте қойылып, халық арасында ұзақ талқыланған түйткілдің түйіні толығымен тарқатылмақ. Өткенге көз жүгіртсек, «Әліппенің» терең тарихы ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының ерен еңбегінен бастау алады. Ол 1910 жылы қазақ балаларына арналған оқулығын жазды. Байтұрсыновтың «Оқу құралы» – қазақша жазылған тұңғыш әліппелердің бірі, 1925 жылға дейін шамамен 10 рет басылған. Қазіргі әдістеме тұрғысынан «Оқу құралы» әлі күнге дейін маңызды оқулық ретінде бағаланады.

Өзі жазған «Өмірбаянында» (1929 жыл): «...Орынборға келгеннен кейін, ең алдымен, қазақ тілінің дыбыстық жүйесі мен грамматикалық құрылысын зерттеуге кірістім. Одан кейін қазақ әліпбиі мен емлесін ретке салып, жеңілдету жолында жұмыс істедім. Үшіншіден, қазақтың жазба тілін бөтен тілдерден келген қажетсіз сөздерден арылтуға, синтаксистік құрылысын өзге тілдердің жат әсерінен тазартуға әрекеттендім. Төртіншіден, қазақ прозасын жасанды кітаби сипаттан арылтып, халықтық сөйлеу тәжірибесіне ыңғайластыру үшін ғылыми терминдерді қалыптастырумен айналыстым», – деген.

Ахмет Байтұрсынұлының үш бөлімнен тұратын «Тіл – құрал» атты оқулығының фонетикаға арналған бөлімі 1915 жылы, морфологияға арналған бөлімі 1914 жылы, синтаксис бөлімі 1916 жылдан бастап жарық көрді. «Тіл – құрал» – қазақ тілінің тұңғыш оқулығы болғандығын да айта кеткен ләзім. «Әліппе» мәселесі мектеп бағдарламасынан алынып тасталғаннан бері ұдайы көтеріліп келді. Енді көптен күткен жағымды жаңалық білім сапасына оң әсер етеді деп сенеміз.


Жамал ШАУКЕН
 

ГЛАВНЫЕ НОВОСТИ

Путь, заданный великим учителем

2 дня назад в 14:44

Патриотическое воспитание

Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия

2 дня назад в 14:40

Профессиональное содружество

Эффективное взаимодействие педагогов и родителей

2 дня назад в 14:36

ДОШКОЛЬНОЕ ВОСПИТАНИЕ

История первого детского сада Лисаковска

2 дня назад в 14:33

ДОШКОЛЬНОЕ ВОСПИТАНИЕ

Актуально

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.