Алтын ұя – мектебім

Выпуск - №8(656)   :   28.02.2025
732

1

Биыл Қостанай ауданындағы Айсары жалпы білім беретін мектебіне 55 жыл толып отыр. Осыған орай, мектептің кітапхана меңгерушісі Мейрамкүл Көшек пен ауылдық кітапхана меңгерушісі Айгүл Абилеваның ұйымдастыруымен мектеп түлектерімен кездесу кеші өтті.

Тағылымға толы кешті мектеп директоры Назгүл Әлімова мен Айсары ауылдық округінің әкімі Бауыржан Нұрғазин жүрекжарды лебіздерімен ашты. Түлектерімізге жеке-жеке тоқталмас бұрын, алдымен мектебіміздің тарихына шолу жасап өткен жөн болар. Айсары ауылында 1970 жылдың қаңтарында екі қабатты жаңа мектеп ғимараты бой көтеріп, 1969-1970 оқу жылының 3-тоқсаны жаңа мектеп қабырғасында жалғасады. Осылайша, мектеп тарихының жаңа дәуірі бастау алады. Содан бері, міне, 55 жыл өтіпті. Осы уақыт ішінде қаншама түлек алтын ұясынан қанат қағып, үлкен өмірге жолдама алды десеңізші!
Бүгінде олар еліміздің түкпір-түкпірінде абыройлы еңбек етуде. Бұл қасиетті қарашаңырақ әрбір түлектің жүрегінде мәңгі сақталары сөзсіз. Мектебімізден білім алған түлектердің біршамасы білім, медицина, ауыл шаруашылығы салаларында туған ауылында қызмет істеп, елінің дамуына «қанатымен су сепкен қарлығаштай» үлес қосуда. Еңбегімен еленіп жүрген түлектеріміз:
Физика пәнінің мұғалімі Валентина Данько, бас дәрігер Амирхан Закиров, Айсары жалпы білім беретін мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Гаухар Кожахметова, информатика пәнінің мұғалімі Қымбат Ержанова, бастауыш сынып мұғалімі Ақбілек Мұхамбетжанова, МАД тобының тәрбиешісі Перизат Какимова, музыка пәнінің мұғалімі Владислав Ковдий, математика пәнінің мұғалімі Умаргали Жакишев, психолог Баян Мирамбек, Айсары ауылдық округінің бас маманы Абылай Закиров, Қостомар ауылының фельдшері Арман Қадамбаев, Асқар Жұмаш, Ирина Ивко, Екатерина Ермилова, Ирина Зиганшина, Александр Березин, Қазымбек Тілеукенов, Бәйдібек Кәкімжан.
Кеш концерттік бағдарламамен жалғасты. Келген қонақтар мектептеріне шолу жасап, өткен жылдар естеліктерімен бөлісті. Тағылымға толы іс-шара жоғары дайындықпен ұйымдастырылып, ерекше әсер қалдырды. Мектеп директоры Назгүл Едресқызы кешті ұйымдастырған Мейрамкүл Көшек пен Айгүл Абилеваға алғыс білдіріп, қатысушыларды білім ордасының мерейтойымен құттықтады. Иә, еткен еңбектің ел игілігіне жарағанын сезіну – үлкен бақыт. Құрметті түлектер, денсаулықтарыңыз зор болып, мамандықтарыңыздың ел игілігіне жарап, еңбек атты келелі жолда табысты болуларыңызға тілектеспіз.

Дариға БЕРСҮГІРОВА,
Айсары жалпы білім беретін
мектебінің қазақ тілі мен
әдебиеті пәнінің мұғалімі,
Қостанай ауданы

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.