Учительская плюс

Областная еженедельная общественная информационно-образовательная газета
Календарь
08/11/26 Воскресенье

Алтындай мезгілмен қоштасты

Выпуск - №48(444)   :   06.12.2020
691

Сары жапырақ, қоңыр салқын ауа-райы, жабырқаулы көңіл-күй, қара суық жер күзге тән қасиет болса да, балалар бұл мезгілмен қимай қоштасты. Осы орайда гимназиямызда «Алтын күз» сайысы өткізілді.

Бірінші кезеңде «Күзгі бақ» фотокөрме сайысынан қатысушылар күзгі тамаша көріністе суретке түсті. Әрине, көрнекті суреттер заман талабына сай гимназиямыздың instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасына жарияланып, ең жоғары балл жинаған 5 «Ә», 5 «А», 6 «А», 6 «Ә» сыныбы көрермендерден қолдау тапты.
Келесі кезең салт-дәстүрге арналды. Бұл сәтте 5-сынып оқушылары Д.Орынбасарова, Ж.Жансугурова және 6-сынып оқушылары Д.Ақмағамбетов топ жарып, қатарластарынан озып шықты. «Жүйріктен жүйрік озар, жарысқанда» демекші, 6 «А» сыныбы «Қазақи нақыштағы шебер жұп», 5 «А» сыныбы «Қазақи нақыштағы өнерлі жұп» номинацияларын қанжығаларына байлады. 6 «Ә» сынып оқушысы Э.Шауенова «Ең үздік салт-дәстүрді көрсетуші» жұп аталымына ие болса, осы сыныптың оқушылары Ж.Самарова мен С.Умербаев «Күз ханзадасы мен ханшайымы» атанды.



Қатысып, өнерлерін паш еткен барлық оқушыларды құттықтай отырып, белсене ат салысқаны үшін алғыс білдіреміз. Иә, «Алтын күз» мерекесі қазақтың салт-дәстүрін насихаттауымен ерекшеленеді. Халқымыз салт-дәстүрмен, өнегелі әдет-ғұрыппен, ырым-тыйымдарымен ұлағатты ұл мен инабатты қызды тәрбиелеген. Ұлттық құндылықтарды дәріптеу арқылы балалардың бойында еліне деген сүйіспеншілік, құрмет, адамгершілік құндылықтарды қалыптастыра аламыз. Оқушылар бойына сапалы білім мен өнегелі тәрбиені рухани байлық етіп дарыту – гимназиямыздың асыл мұраты.

Абылай АХМЕТЖАН,
С.Мәуленов атындағы
мектеп-гимназиясының
аға тәлімгері,
Қостанай қаласы

 

Реклама

Как говорил Ахмет Байтурсынов, «изначально газета – глаза народа, его уши и язык. Как человеку необходимы глаза, уши и язык, так и народу нужна газета». В этом смысле считаю газету «Учительская плюс» одним из передовых изданий нашей области. Потому что здесь не только учителя, но и ученики, студенты, а также их родители могут найти самую необходимую информацию. А для учителей в особенности «Учительская плюс» является платформой для развития профессиональных навыков и обмена опытом.

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.