Учительская плюс

Областная еженедельная общественная информационно-образовательная газета
Календарь
15/03/26 Воскресенье

Алтынсарин мектебінің 45 түлегі грантқа түсті

Выпуск - №27-28 (575-576)   :   13.08.2023
689

Қостанай қаласындағы Ы.Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатын биыл 53 түлек тәмамдады. Ұлттық бірыңғай тестілеуден де жақсы нәтиже көрсетіп, қалаған оқу орындарына түскені көңіл қуантады.

Оның ішінде «Алтын белгі» иегері 2 оқушы – Назира Ғазиз, Куаныш Жолдыбаев, «Үздік аттестат» иегері 4 оқушы – Аяулым Биғазы, Камила Куаныш, Айзат Ибжарова, Аяжан Мұратова атанған еді. Мектеп-гимназия-интернатын бітірген 53 түлектің 45-і еліміздің және шетелдің белгілі ЖОО-на грантты ұтып алды. Кейбір оқушыларымыз бірден екі ЖОО-на грант ұтып алу мүмкіндігіне ие болғанын айта кеткен жөн. 45 түлектің ішінде 1 оқушымыз ғана алыс шетелге, оның ішінде Испания мемлекетіндегі Хаэн Университетіне грантқа оқуға түссе, қалған оқушыларымыз Қостанай, Астана, Алматы қалаларындағы белгілі ЖОО-да грантта оқуға мүмкіндік алды.

Қалған 44 оқушының ішінде Назарбаев Университетіне (НУ) – 5 оқушы (Айтуған Санжар, Жолдыбаев Куаныш, Малдыбаева Сымбат, Мухамеджанова Зарина, Умбетова Данагуль), Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне (ҚазҰУ) – 3 оқушы, Қазақстан-Британ техникалық университетіне (ҚБТУ) – 2 оқушы, Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетіне – 3 оқушы, Қарағанды медицина университетіне – 2 оқушы, С.Ж. Асфендияров атындағы (ҚазҰМУ) – 2 оқушы, Астана медицина университетіне – 1 оқушы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіне (ЕНУ) – 7 оқушы, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетіне (ҚазАТЗУ) – 2 оқушы, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті (ҚазҰПУ) – 1 оқушы, Сулейман Демирел атындағы университетке – 1 оқушы, М.С. Нәрікбаев атындағы Қазгюу университетіне – 1 оқушы, Алматы менеджмент университетіне (AlmaU) – 3 оқушы, Нархоз университетіне – 3 оқушы, Астана халықаралық университетіне (AIU) – 1 оқушы, Астана IT университетіне (Astana IT University) – 2 оқушы, Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай Өңірлік университетіне (ҚӨУ) – 4 оқушы, ҚР Ішкі істер министрлігінің Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясына – 1 оқушы грант жеңіп алды.
Әсіресе, 11 «Б» сынып оқушылары үшін биылғы жыл сәтті жыл болды. 11 «Б» сыныптың 24 оқушысының барлығы да 100% грант иегері атанып, жоғары нәтиже көрсетіп, мектебіміздің мәртебесін тағы да асқақтатып, дүниедегі ең асыл жандары – ата-аналары мен 11 жыл бойы білім нәрімен сусындатқан ұстаздарын қуантты.

Осы 11 «Б» сынып жетекшілері Зейнуллина Мендыгуль Жанбуршаевна да өз сыныбының оқушыларын мақтан тұтатындығын айтып, қуанышымен бөлісті:

– Бұл менің ұстаздық 22 жылымдағы алғашқы түлектерім. Биылғы оқу жылын 11 «Б» сыныбы үлкен жетістікпен аяқтады. Себебі сыныбымның оқушылары түгелдей мемлекеттік грант иегері атанды. Еліміздегі ең беделді универлерді жоспарлап, сол мақсаттарына жетті. Өз балаларымдай болып кеткен оқушыларым үшін өте қуаныштымын. Үлкен белес ҰБТ-дан жоғары балл жинап, 24 оқушымның барлығының да ЖОО-на грант жеңіп алғандарын мақтан тұтамын. Бұл, әрине, бесінші сыныптан бастап білім нәрімен сусындатқан мұғалімдердің еңбегі мен әр оқушының таудай талабының арқасы. Осындай білімді де білікті шәкірттеріміз көп болып, мектебінің атын асқақтата берсін деймін.


Нұргүл ЕЛІКБАЕВА,
Ы.Алтынсарин атындағы
мамандандырылған
мектеп-гимназия-
интернатының
менеджері, география
пәнінің мұғалімі,
Қостанай қаласы

Реклама

Я непоколебимо верю, что наука и мир восторжествуют над невежеством и войной, что народы сойдутся друг с другом не для разрушения, а для созидания, и что будущее принадлежит тем, кто сделает более для страждущего человечества.
Величайшие открытия рождаются из простых наблюдений, если смотреть на мир с пытливостью ребёнка.
Наука должна служить людям, а не оставаться в стенах академий. Наука не имеет родины, потому что знание принадлежит всему человечеству.
На той ступени развития, которой мы достигли и которая обозначается именем «новейшей цивилизации», развитие наук, быть может, ещё более необходимо для нравственного благосостояния народа, чем для его материального процветания.

Учитель – это светоч нации. Ежедневным кропотливым трудом каждый из вас вносит неоценимый вклад в развитие страны. Вы сеете семена знаний в молодые сердца и растите мыслящую нацию. Ибрай Алтынсарин говорил: «Превыше всего я ценю хорошего учителя». Педагог – ключевая фигура в построении будущего страны, поэтому ему должно быть отведено достойное место в обществе.