Алтынсарин және Қостанай мектебі

Выпуск - №21(468)   :   27.05.2021
872

Осындай тақырыпта Ы.Алтынсариннің 180 жылдығына орай филология ғылымдарының докторы Алмасбек Әбсадық және Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институтының ұстазы, доцент, мүсінші Сапарбек Ұзақовпен ғылыми-танымдық кездесу өтті.

Ы.Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-интернат қабырғасында ұйымдастырылған шараға аталмыш білім ордасының жоғарғы сынып оқушылары қатысып, тағылымды әңгімеден құлағдар болды.



Шара жиналғандарға Ы.Алтынсариннің өмір жолы мен атқарған қызметін, халықты ағарту ісіне қосқан үлесін танытып, жас ұрпаққа үлгі ету мақсатында қолға алынды. Жиында алғашқы болып сөз алған Алмасбек Әбсадық Ыбырай Алтынсариннің ағартушылық қызметке арнаған ғұмырымен таныстырып өтті.



– 1844 жылы қабылданған ережеде мектеп ашу мәселесі көтеріледі. Бірақ мектеп ашу мәселесі кешеуілдетіп, мектеп тек 1850 жылы ғана ашылады. 1850 жылы тамыздың 22-сінде сол мектепке 9 жасар Ыбырай алғашқы 30 баланың бірі болып қабылданады. Ол уақытын жан-жақты білім алуға ерекше ынтамен кірісіп, аталмыш мектепте 4 сынып бітіріп шығады. Алайда, мектеп ашылған кезде 30 қазақ баласын табу қиынға соғады, – деп Алмасбек Ахметбекұлы тарихтан деректер келтіріп, артынша мектепті қабылданған 30 баланың 20-сы ғана аяқтағанын тілге тиек етті.



Торғайдағы қазақ мектебі 1864 жылы ашылып, оған Ыбырай Алтынсарин 19 жасында ұстаз болып барып, ағартушылық қызметін бастайды. Ғұмырының көп бөлігін Торғайда өткізіп, халық ағарту ісіне ат салысқан Ыбырай Алтынсарин 23 жылдан соң Қостанайға қоныс аударады.



– Ы.Алтынсариннің мерейтойына орай мектепте мұражай жобасы ұйымдастырылып, оның аясында әрбір сыныпқа тапсырмалар берілген еді. Соның ішінде 10-сынып оқушыларына мектептің шығу тарихын зерттеу тапсырылған. Оқушылар өздері бастамашы болып мектеп мұражайына алғашқы қазақ мектебінің макетін сыйлап отыр. Аталған жұмыстың авторы – мүсінші Сапарбек Ұзақов, – деді өз сөзінде мектеп-интернат директорының орынбасары Ақмарал Серикбаева. – Мерейтойға орай күзде Алтынсарин мектебінің мұражайы салтанатты жәдігерлермен толықтырылмақ. Бұл шаралар соған орай жасалып жатқан жұмыстардың бір парасы ғана.



Жамал ШАУКЕН

ГЛАВНЫЕ НОВОСТИ

Путь, заданный великим учителем

Вчера в 14:44

Патриотическое воспитание

Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия

Вчера в 14:40

Профессиональное содружество

Эффективное взаимодействие педагогов и родителей

Вчера в 14:36

ДОШКОЛЬНОЕ ВОСПИТАНИЕ

История первого детского сада Лисаковска

Вчера в 14:33

ДОШКОЛЬНОЕ ВОСПИТАНИЕ

Ғасырға қадам басқан білім ордасы

Неделю назад в 15:09

Бүгінгі мектеп

Жасыл болашаққа тамыр тартқан жоба

Неделю назад в 15:07

Бүгінгі мектеп

Актуально

Реклама

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.

Благодаря профессионализму коллектива редакции и пониманию важности наших тем мы, педагоги, можем представить широкой аудитории региона самые актуальные материалы о своей работе, о достижениях коллег и успехах учащихся. Я считаю, что газета «Учительская плюс» играет ключевую роль в поддержке профессионального сообщества, в развитии образования Костанайской области. И горжусь тем, что могу внести свой вклад в это дело вместе с газетой.