Амангелді ауданында 7 кабинет ашылды

Выпуск - №43 (389)   :   14.11.2019
448

Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Ұстаз аты – биік әрі мәңгілік» жобасы бойынша Амангелді ауданында 7 жаңа кабинет ашылып, мектеп оқушылары мен педагогтеріне қолданысқа берілді.

Олардың қатарында ұстаздардың ұстазы атанған Жалғасбай Сүлекешов атындағы бастауыш сынып кабинеті, Қабдраш Ермағанбетов пен Әбдікәрім Дүйсекеев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәні кабинеті, Ғиуазхан Сатов атындағы тарих пәні кабинеті, Әмірбек Бекенов атындағы география кабинеті, Мағия Мекебаева атындағы химия кабинеті, робот техникасы және IT-технология кабинеттері де бар.

Салтанатты шараға Амангелді ауданы әкімінің орынбасары С.Ганиев, білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы С.Өтегенұлы, ішкі саясат бөлімінің басшысы Н.Тажин және басқалары қатысты. Ашылған кабинеттерді ұстаздардың ұрпақтары жабдықтап бергенін айта кеткен ләзім. Тоқтала кетсем, оқу кабинеттерінің ашылуына ұстаз ұрпақтары 6 миллион теңгемен демеушілік етсе, робот техникасы кабинетін жабдықтауға Жеңіс Шаяхметов, Рүстем Болданов, Аман Қабжанов 10 миллион теңге қаржы бөлді. Іс-шара ғылыми-тәжірибелік конференциямен жалғасып, ұстаздардың шәкірттері, әріптестері сөз алып, олардың өмір жолы мен елі үшін жасаған еңбектері жайлы естеліктермен бөлісті. Туған жері мен білім алған ордасының көркеюіне ат салысқан демеушілерге мектеп директоры Ғалымжан Жасталапұлы мектеп ұжымы атынан Алғыс хаттар табыстады.

Бастауыш сынып кабинетінің лентасын қию құрметі аудан әкімінің орынбасары Сүндет Ғаниев пен Жалғасбай ағайдың ұрпақтары атынан Есет Жалғасбайұлына, қазақ тілі мен әдебиеті пәні кабинетінің лентасын қию құрметі білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы Сәрсенбай Құттығожин және Қабдраш атаның ұрпақтары атынан Әділ Қабдрашұлына берілді. Тарих пәні кабинетінің лентасын ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Теміржан Байдосов пен Ғиуазхан Сәтұлының ұрпақтары атынан Ғиният Ғиуазханұлы, география кабинетінің лентасын ауылымыздың қазыналы қарты, ақбар қажы Мұхтар Ходенов пен Әмірбек атаның ұрпақтары атынан Уалихан Әмірбекұлы кесті.

Ал, химия кабинетінің лентасын қию құрметі әріптесі Бақыт Жақыпова мен Мағия Шынтемірқызының жұбайы Болғанбай Ақшалұлына, робот техникасы және IT-технология кабинетінің лентасын қию құрметі аудан әкімінің орынбасары Сүндет Ғаниев пен Жастар жылының құрметіне мектебіміздің жас маманы, кабинет меңгерушісі Алмас Сарбозовқа берілді. Шара «Ұстаздың ұлы келбеті» атты ғылыми-тәжірибелік конференциямен жалғасты.


Әнет ЖҰМАБЕК,
«Шұғыла» қосымша білім
беру орталығы жетекшісі,
Амангелді ауданы

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.