Жуырда Қостанай қаласында ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерекесі және Тұңғыш Президент күніне орай «Триумф» жеңімпаздарын марапаттау салтанаты өтті. Іс-шара өңірдің ең үздік өрендерін қолдау мақсатында ұйымдастырылды.

Іс-шараға Қостанай облысы әкімінің орынбасары Бақыт Есімова, «Агромаш Холдинг» компаниясының бірінші вице-президенті Д.Шүкіжанова, әлемнің үш дүркін чемпионы, Қазақстанның полиатлоннан абсолютті чемпионы А.Қозыбаев, «Жас Қанат-2006» ЖШС бас директорының орынбасары Даурен Ниязбаев қатысты. Марапаттау рәсімінде Бақыт Амангелдіқызы «Триумф» номинанттарын зор жетістіктерімен құттықтай отыра, олардың болашағына сәттілік тіледі.
– Егемендік алған жылдардан бері мемлекет тарапынан мектептердегі дарынды балалардың зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін шыңдауларына ерекше көңіл бөлініп келеді. Қостанай жерінде де түрлі салада жетістікке жетіп жүрген жастар жетерлік . Сол себепті біз бүгін облысымыздың көркейіп, нығаюына үлес қосқан, жыл бойы түрлі додаларда көзге түскен дарынды жастарды жинап отырмыз, – деді өзінің құттықтау сөзінде Бақыт Амангелдіқызы.
Салтанатты іс-шарада Амангелді ауданы білім бөлімінің Тасты жалпы білім беретін мектебінің оқушысы Марал Қабдрашова мен жетекшісі, аталған мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Сәбитбек Жаукин, Ы.Алтынсарин мектебінің оқушысы, «Шұғыла» балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығының «Сиқырлы қалам» үйірмесінің мүшесі Көркем Тұрсынова және жетекшісі, шығармашылық орталықтың қосымша білім беру педагогі Нұрсұлу Мейрамбек үздіктер қатарынан көрінді. Дарынды оқушылар мен жетекшілер бұл жетістікке облыс, республика, халықаралық деңгейде өткен байқаулардағы зор табыстары арқылы жетіп отыр.
Марапат барысында ұстаздарға облыс әкімі Архимед Бегежанұлының атынан Алғыс хаттар, шығармашылық саласында жетістікке жеткен оқушыларға «Триумф» мүсіншелері мен бағалы сыйлықтар табыс етілді. «Триумф» белесін бұған дейінгі жылдарда саз мектебінен Айнаш Балкенова, Ы.Алтынсарин мектебінің оқушысы Ерназ Қабдыхамитов, «Шұғыла» шығармашылық орталығынан Әлинұр Ізтілеуов бағындырған болатын. Ел мерейін асқақтататын осындай дарынды шәкірттерге жарқын болашақ, толағай табыстар тілейміз!
Мақпал МУХАМБЕТОВА,
Амангелді ауданы білім
бөлімінің әдіскері
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.