Амангелділік түлектер ҰБТ-ға дайын ба?

Выпуск - №14(710)   :   10.04.2026
429

Амангелділік түлектер ҰБТ ға дайын ба (1)

Ұлттық бірыңғай тестілеу – оқушының 11 жыл бойы алған білімінің қорытындысын айқындайтын маңызды жүйе. Биылғы оқу жылында Амангелді ауданының мектеп бітірушілері осы сынға қалай дайындалып жатыр?

Амангелді ауданында 2024-2025 оқу жылында 177 түлек мектеп бітірсе, олардың 165-і ҰБТ-ға қатысып, білімін сынға салып көрді. Ал 2025-2026 оқу жылында 181 оқушы мектеп қабырғасымен қоштасып, қолдарына аттестат алмақ. Дегенмен, олардың 161-і ғана ҰБТ-ға қатысуға ниет білдіріп отыр. Соңғы жылдары пән таңдау үрдісінде де айтарлықтай өзгерістер байқалады. Атап айтқанда, гуманитарлық бағытқа деген қызығушылық едәуір артқан. Мысалы, Амангелді ЖББМ 11-сынып оқушысы Кәусар Шөптібай өз болашағын халықаралық қатынастар саласымен байланыстырып, дүниежүзі тарихы мен ағылшын тілі пәндерін таңдаған.
– Өткен жылға қарағанда биыл гуманитарлық пәндерді таңдаған оқушылардың саны шамамен 60 пайызға артты. Мен де осы бағытты таңдадым. Қазіргі уақытта «Juz40» ҰБТ-ға дайындық курсында оқып жатырмын. Соңғы тапсырған сынақта 105 балл жинадым. ҰБТ – білім шыңына жетуге мүмкіндік беретін маңызды кезең, – дейді Кәусар.
Ал биылғы түлектердің тағы бірі Айғаным Серікқызы журналист болуды армандайды. Соған орай, тыңғылықты дайындалып жүр. Өзінің айтуынша, тек қажырлы еңбек пен тың ізденіс қана биік мақсаттарға жеткізбек.
– Мен ҰБТ-ға дайындықты 11-сыныптың тамыз айында бастадым. ҰБТ – кез келген түлек үшін өміріндегі ең маңызды белестерінің бірі. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, шығармашылық бағытты таңдаған оқушылардың 80 пайызы грантсыз қалады екен. Ал қалған 20 пайызы үздіксіз оқу мен үнемі ізденістің арқасында қалаған мамандықтары бойынша мемлекеттік грантқа түсуге мүмкіндік алады. Менің мақсатым – сол саусақпен санарлық аз ғана пайыздың ішінде болып, мықты маман атану, – дейді Айғаным.
Ұлттық бірыңғай тестілеу – әрбір түлекке үлкен жауапкершілік жүктейтіні рас. Қанша дегенмен бұл – өмірдің сынақ алаңындағы алғашқы қадам ғана. Оның нәтижесі қандай болмасын, алдында әлі талай мүмкіндіктер мен шексіз болашақ күтіп тұрғанын ұмытпаған абзал.

Гүлім БАТЫР,
Әділет НҰРАБАЕВ,
А.Байтұрсынұлы атындағы ҚӨУ журналистика
мамандығының
4-курс студенттері

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.