Алдағы оқу жылы аманқарағайлықтар үшін үлкен қуанышпен басталмақ. Мемлекеттік тілде білім беретін жаңа білім ордасының құрылысы толығымен аяқталып, 320 орынға қарастырылған білім ордасы тамыз айында есігін ашады.
Әулиекөл ауданына қарасты Аманқарағай ауылында заманға сай жабдықталған №2 Аманқарағай орта мектебінің құрылысы өткен 2019 жылы маусым айының 21-інде басталды. «Алюминстрой» ЖШС бас мердігерінің бастамасымен қолға алынған ауқымды жобаның жалпы құны 1,380 млрд. теңгені құрайды. Бүгінде бөлінген қаражат толығымен игеріліп, мектептің ішкі-сыртқы құрылысы толық аяқталып, бар қажетті технологиялық құралдар мен мультимедиялық кабинетпен және жиһаздармен қамтамасыз етілді. Одан бөлек қимыл-қозғалысында ақауы бар жандардың емін-еркін кіріп-шығуын қамтамасыз ету үшін арнайы пандуспен де жабдықталған. Үстіміздегі жылдың тамыз айына дейін білім ордасының аумағын абаттандыру жұмыстарын аяқтау ғана қалыпты.
– Қыс бойғы тоқтаусыз жұмыстың арқасында талапқа сай жаңа мектебіміз бой көтеріп жатыр. Әлбетте қуанышымызда шек жоқ. Заманауи технологиялармен жабдықталған мектебімізде жаңаша үлгідегі химия және физика кабинеттері, спорт кешені бар. Оқушыларымыздың сапалы білім алуына қажет жағдайдың бәрі жасалған. Тамыз айында жаңа мектепке қоныс теуіп, Тамыз конференциясын сонда өткіземіз деген ойдамын, – дейді мектеп директоры Ғалымжан Әубәкіров.
Білім ордасы жаңа оқу жылында 279 балаға есігін айқара ашпақ. Оның ішінде 1 мен 11-сынып аралығында 228 оқушы болса, қалған 51 балғын шағын орталық пен даярлық сынып тәрбиеленушілері. Ал олардың ата-аналарының, ауыл тұрғындарының ризашылығын сөзбен жеткізу қиын. Балаларының заманға сай жабдықталған жаңа мектеп ғимаратында білім алатынына көпбалалы ана Асыл Құттыбаева дән риза. Төрт қабырғасы – төрт ұлының бәрі мектеп жасында. Үлкені 9-сыныпқа, кішкентайы мектепке дейінгі даярлық сыныбына барады. Олар да алдағы оқу жылында су жаңа мектептің табалдырығын аттауға асық.
Мектептің мәні – бала болса, сәні – педагогтері емес пе. Жаңа қу жылында оқушыларға 31 педагог тәлім мен тәрбие беруге дайын. Кезінде ұлы ағартушы Ахмет Байтұрсынұлы: «Мектептің жаны – мұғалім», – деп аталмыш мамандық иелерінің жұмысына үлкен бағасын беріп кеткен. Жаңа білім ордасы халық игілігіне қызмет етсін деп тілейміз. Алдағы оқу жылын жаңа ғимаратта қарсы алатын оқушылардың білім жолындағы ізденісі толастамасын.
Жамал ШАУКЕН,
суретті түсірген
Ерлан ҚАСЫМОВ
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.