Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінде Арқалық қаласының 65 жылдығына орай қала мектептерінің 1-4 сынып оқушылары арасында сурет байқауы өткізілді. Шара оқушылардың қаламызға деген құрметін арттыруды көздеді.

Оқушыларды Арқалық қаласының тарихымен таныстыру мақсатында колледж оқытушылары Толқын Утешовна мен Динара Білісбекқызы ұйымдастырған байқауға барлық мектеп оқушылары белсене ат салысты. Қаламыздың көрікті орындарын сүйіспеншілік сезіммен бейнелеген қылқалам шеберлерінің жұмыстары оқу ордамыздағы «Арайлы Арқалығым» атты көрмеден орын алды.
Салынған суреттің өзіңдік идеясы, түстер үйлесімділігі ескеріле отырып, сайыс нәтижесінде жүлделі I орынды бастауыш гимназияның 3-сынып оқушысы Малика Бапарова және 3-сынып оқушысы Айша Асқар, №4 мектептен I орынды 4-сынып оқушысы Сабина Серік (суретте) пен 4-сынып оқушысы Ерасыл Әбдір, №1 мектептен I орынды 4-сынып оқушысы Әлихан Сарқынтай, №3 мектептен I орынды 3-сынып оқушысы Айымжа Амангелдіқызы, №6 мектептен I орынды 4-сынып оқушылары Бекзат Дүйсенбі мен Серікжан Сүндет иеленді.
Оқушылардың шығармашыл тұрғыда шыңдалуына себепкер болған ұстаздарына алғысымызды айта отырып, өркениетті елдің өнегелі ұрпақтары, дарынды оқушыларымыздың биік белестерден көрініп, қаламыздың мақтаныштары болуына тілектеспіз.
Динара БІЛІСБЕКОВА,
Н.Құлжанова атындағы
Торғай гуманитарлық колледжінің
мектепке дейінгі тәрбие және
оқыту мамандығының оқытушысы,
Арқалық қаласы
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.