Қостанай қаласының әкімі Марат Жүндібаевтың қатысуымен қалалық балалар шығармашылығы мектебінде дәстүрлі Жаңа жыл шыршасы ұйымдастырылды. Ертегілік кеш қала мектептерінде оқитын 9-13 жастағы 200-ге жуық оқушының басын қосты.
Жаңа жылдың негізгі атрибуты – әсем безендірілген шыршаның жанында өрбіген «Жаңа жылды құтқарайық» атты таңғажайып ертегілік қойылым балаларды өз сиқырымен баурап алды. Қойылымды облыстық қуыршақ театрының және қалалық балалар шығармашылығы мектебінің театр студиясының әртістері бірлесе дайындаған. Оқиға желісі қызықты әрі әсерлі болғаны соншалық, жас көрермендер өздерін ертегі әлемінде жүргендей сезінді.
Мерекелік іс-шарада өткен Ұлу жылы мен келе жатқан Жылан жылының кейіпкерлері сахна төрінде жарқырай көрінді. Тіпті, мифологиялық кейіпкерлер мен батырлар да ортаға шығып, балаларды оқиға желісіне елітіп әкетті. Артынша көпшілікке жақсы таныс мультфильм кейіпкерлерімен бірге ән айтып, би билеген бүлдіршіндердің жүзінен шаттық пен қуаныштың нұры төгілді.
Кештің көркін арттырған ертегі әлемінің басты кейіпкерлері – Аяз ата мен Ақшақар болды. Олар әр балаға денсаулық, қуаныш және алдағы жылы жарқын жетістіктер тіледі. Ал, биылғы қаламыздың 145 жылдығына орай, Жаңа жыл шыршасының ұйымдастырушылары тарапынан балалар сыйқырлы сандықтан 145 ізгі тілектер жазылған билеттерді алды. Осылайша, шыршаның айналасы шат-шадыман күлкіге толып, балалар көтеріңкі көңілмен тарқасты.
Жамал ШАУКЕН,
суретті түсірген автор
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.