Қазан айының 1-і – Халықаралық қарттар күні. Үлкенді сыйлау, қарияны құрметтеу – қазақ халқының ата салты екені белгілі. Осы орайда Б.Қолдасбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінде мақала тақырыбымен аттас мерекелік іс-шара өтті.
.jpg)
Іс-шара оқушылардың бойына халқымыздың қадір-қасиетін сіңіру, үлкенді сыйлай білуге, өз ата-бабасын ұмытпай, есте сақтауға және аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылған. Атаулы шараға білім ордасында ұзақ жылдар бойы қызмет еткен зейнеткер ұстаздар қауымы арнайы шақыртылды. Келген қонақтарға оқушылардың арнайы әзірлеген мерекелік бағдарламасы ұсынылды.
Жас өнерпаздар тақырыпқа сай ән шырқап, би билеп, көркем сөз оқыды. Қадірлі қонақтарымыз оқушылардың өнерлерін тамашалап, мектеп ұжымына көрсетілген құрметі үшін алғыс білдірді. Мектеп басшысы Мұхаммедәлі Серікұлы, өз кезегінде, ұжым атынан арнайы құттықтаулар мен гүл шоқтарын табыстады. Артынша зейнеткер, ұлағатты ұстаз Абай Кәрімұлы оқушыларымызға игі тілегін жаударып, ризашылығын жеткізді.
Әнет ЖҰМАБЕК,
Қолдасбаев ЖББМ
көркемдік жетекші,
Амангелді ауданы
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.