Қостанай қаласындағы №10 және №6 мектептерде қазан айының 15-18 аралығында бес асық, асық атудан облыстық мектеп лигасы қарқынды өтті. Барлығы 240 оқушыдан құралған командалар өзара бақ сынасып, тартысты бәсекеде мықтылар анықталды.

Оқушылар екі жас категориясы бойынша жарысты: 5-6 және 7-8 сыныптар арасындағы ұлдар мен қыздар. Нәтижесінде 5-6 сыныптардың қыздары арасындағы бес асық жарысынан бірінші орынға Меңдіқара ауданының Ғ.Жұмабаев атындағы Бурабай мектеп-гимназиясы ие болса, екінші орынды Әулиекөл ауданының С.Баймағамбетов атындағы Әулиекөл мектеп-гимназиясы иеленді. Үшінші орынға Рудный қаласының М.Дулатов атындағы жалпы білім беретін мектебі лайық деп танылды. 7-8 сыныптардың қыздары арасындағы бес асық жарысынан бірінші орынды Қостанай қаласының Б.Момышұлы атындағы №5 жалпы білім беретін мектебі, екінші орынды Меңдіқара ауданының Ғ.Жұмабаев атындағы Бурабай мектеп-гимназиясы ие болды. Ал, үшінші орынды Алтынсарин ауданының М.Хәкімжанова атындағы Щербаков мектебі иеленді.
Ұлдар арасындағы асық ату жарысынан 5-6 сыныптарда бірінші орынға Рудный қаласының А.Байтұрсынұлы атындағы жалпы білім беретін мектебі ие болды. Екінші орынға Б.Майлин ауданының жалпы білім беретін мектебі, үшінші орынға Қостанай ауданының Жданов жалпы білім беретін мектебі көтерілді. Ұлдар арасындағы асық ату жарысынан 7-8 сыныптарда бірінші орынды Меңдіқара ауданының Ғ.Жұмабаев атындағы Бурабай мектеп-гимназиясы жеңіп алды, екінші орынды Рудный қаласының А.Байтұрсынұлы атындағы жалпы білім беретін мектебі, ал үшінші орынды Амангелді ауданының Амантоғай жалпы білім беретін мектебі иеленді. Жарыстың қорытындысы бойынша үздік шыққан командалар алдағы республикалық жарыстарда өңір намысын қорғайды.
Қостанай облысы дене шынықтыру
және спорт басқармасының
баспасөз қызметі
Как говорил Ахмет Байтурсынов, «изначально газета – глаза народа, его уши и язык. Как человеку необходимы глаза, уши и язык, так и народу нужна газета». В этом смысле считаю газету «Учительская плюс» одним из передовых изданий нашей области. Потому что здесь не только учителя, но и ученики, студенты, а также их родители могут найти самую необходимую информацию. А для учителей в особенности «Учительская плюс» является платформой для развития профессиональных навыков и обмена опытом.
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.