2023-2024 оқу жылынан бастап алғаш рет Республика бойынша барлық білім беру мекемелерінде ата-аналарды педагогикалық-психологиялық қолдау орталығы ашылды. Дәл сондай орталық Арқалық қаласындағы Восточный ЖББ мектебінде де өз жұмысын бастады.

Бұйрық шығарылып, құрамы бекітілді, орталықтың жоспары құрылды. Орталық қызметіне облыстық «Үндестік» жобасы, мектептегі ата-аналар комитеті, «Аналар» мен «Әкелер» кеңесі біртұтас болып кіріктірілді. Әлеуметтік экономикалық жағдайлардың күрделілігіне қарамастан, отбасы балаларды әлеуметтендірудің негізгі институты болып қала бермек. Ата-аналар қауымы қазіргі әлеуметтік-экономикалық шындыққа қаншалық бейімделе алатынынан және позитивті ата-ана болу құзыретін қаншалықты дамыта алатындығынан біздің мемлекетіміздің балалары мен жастарының толыққанды дамуы мен жалпы әл-ауқаты қамтамасыз етілетін болады.
Педагогикалық қолдау орталығының мақсаты – балалардың әл-ауқатын қамтамасыз етуде мемлекеттік орта білім беру ұйымдары мен ата-аналар арасындағы тиімді өзара іс-қимыл үшін жағдайларды қамтамасыз ету. Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының міндеттеріне мыналар кіреді: 1) балалардың әл-ауқатын қамтамасыз ету үшін ата-аналардың педагогикалық мәдениетін, психологиялық-педагогикалық және әлеуметтік құзыреттерін дамытуға бағытталған ата-аналарға жүйелі педагогикалық қолдау көрсетуді ұйымдастыру; 2) білім беру ұйымы мен отбасы арасындағы балаларды тәрбиелеу мен дамытудағы өзара іс-қимылды нығайту; 3) отбасылық тәрбие процесінде балалардың әл-ауқатын қамтамасыз ету бойынша ата-аналардың уәждемесін арттыру.
Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы екі тілде мектепішілік «Ақпараттан ақ-қараны ажырату өнері» – «Ребенок в интернете: как найти золотую середину», «Көркем мінез – баға жетпес байлық» – «Эмоциональный интеллект – основа успешной личности», «Позитивное родительство: слушать, слышать, быть услышанным», «Баланы жастан... Бала бойындағы тапқырлық пен эрудицияны қалай дамытуға болады?» атты тренинг элементтері бар бірнеше мазмұнды сабақтар өткізді.
«Үндестік» жобасы аясында 12 ата-ананың қатысуымен ата-аналар арасында мектепішілік көңілді эстафета өтті. Эстафетада 1 «А» мен 2-3 «А» сыныбының ата-аналары «Жорға» және «Мерген» командасы болып жарысты. Нәтижесінде 2-3 «А» сыныбының ата-аналарынан құрылған «Жорға» тобы жеңіске жетті. Сонымен қатар, «Үндестік» жобасы аясында 18 ата-ананың қатысуымен ата-аналар арасында волейболдан жарыс ұйымдастырылып, нәтижесінде 7-8 «А» сыныбының ата-аналары 1-орынға, 7-8 «Б» сыныбының ата-аналары 2-орынға, 5-6 «А» сынып ата-аналары 3-орынға ие болды. Алдағы уақытта орталық өз жұмысын жандандыра түспек.
Тәттігүл САДУАҚАС,
Восточный ЖББМ
директордың тәрбие ісі
жөніндегі орынбасары,
Арқалық қаласы
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.