Аудандық пікірсайыс турнирі өтті

Выпуск - №6(554)   :   10.02.2023
630

Әулиекөл аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен Тимофеев жалпы білім беретін мектебінде «Бұл біздің тарих» атты аудандық пікірсайыс турнирі өтті. Турнирге жалпы 8 мектептен 12 команда қатысты.

Жастардың ой-өрісін дамытуға, логикалық ойлауды және өз ұстанымын білдіруді үйрететін пікірсайыс кез келген жағдайды, проблеманы әр түрлі жағынан талдауға және жаңа идеяларды қабылдауға икемдейді. Сьянова ЖББ мектебі, Б.Кенжетаев атындағы Новонежин ЖББ мектебі, Новоселовка ЖББ мектебі, Шайсұлтан Шаяхметов атындағы Сұлукөл ЖББ мектебі, Диев ЖББ мектебі, Шоқан ЖББ мектебі, Тимофеев ЖББ мектебі, Москалев ЖББ мектептерінен білім мен тіл ұстарту өнеріне құштар ұл-қыздың басын қосқан дебатта мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту мақсатында түрлі тақырып аясында тапсырмалар берілді.

Пікірсайыс турнирінің қатысушылары APF форматында, яғни ағылшын парламенті үлгісінде пікір сайыстырып, ақтық кезең үшін жарысты. Нәтижесінде 12 команданың ішінен суырылып шыққан үздік топтар көпшілік алдында толғамды тұжырымдарын дәлелдеп, ерекше көзге түсті. Қызықты өткен «Бұл біздің тарих» турнирінің бас жүлдесі мен облысқа жолдама Тимофеев ЖББ мектебінің «Ontoguztoqsanbir» командасына бұйырса, 2-орын Москалев ЖББ мектебінің «Жас ұрпақ» командасына берілді. Ал кейінгі жүлделі 3-орынды Б.Кенжетаев атындағы Новонежин ЖББ мектебінің «Сенат» командасы мен Шайсұлтан Шаяхметов атындағы Сұлукөл ЖББ мектебінің «Алаш» командасы теңдей бөлісті.

Сондай-ақ «Үздік төреші» номинациясы Шоқан ЖББ мектебінің ұстазы Ақерке Нығыметжанға табысталса, «Үздік спикер» номинациясы Тимофеев ЖББ мектебінің оқушысы Гүлнұр Монтайға бұйырды. Жетекшісі – физика пәнінің мұғалімі Ерболат Тасқынбай. Мектебімізге келген жас маман Ерболат Тасқынбайұлы өзінің ерекше қабілетімен, оқушыларды дебат үйірмесіне тарта отырып, осы екі жылдың ішінде жақсы табыстарға қол жеткізді. Аудан бойынша бірнеше рет жүлделі орындарға ие болып, енді облысқа жолдама алып отыр. Оқушылар бойында бәсекеге қабілеттілік, өз ойын еркін және ашық айта білу қабілеттерін дамыту арқылы, жас ұрпақты жаңашылдыққа, табысқа жету үшін көп еңбектенуге жетелейтін жас маман, ізбасар әріптесімізге зор жетістік тілейміз.

Халқымыздың «Білекті бірді, білімді мыңды жығады» деген ұлағатты сөзі білімнің баға жетпес үлкен рухани қару екендігін, сонымен қатар үлкен күш екенін көрсетеді. Ал қазақ шeшeндiк сөздeрi – бастаy алар қайнар бұлақтарын түркiлiк танымнан түптeн тартып, өзiндiк ұлттық eрeкшeлiктeрдi, қасиeттeрдi бойына жинақтап, көркeмдiк қyатымeн, ғибраттық сарынымeн дараланған, сонымен қатар аса бай поэтикалық тiлi мeн өзгeшe қалыпта көрiнгeн, халқымыздың рyхани азығына айналған көркeмдiк құбылыс. Сондықтан да баба мұрасы – ұрпаққа ұлағат, кейінгіге аманат, келер күнмен бірге жасайтын рухани асыл қазына. Бүгінгі күннің пікір сайысы – кешегі өткен халық даналығының, асыл қасиеттерінің қазіргі заманға сай жаңаланған бейнесі.

Айнұр ШИЛДЕБАЕВА,
Тимофеев ЖББМ
директордың тәрбие ісі
жөніндегі орынбасары,
Әулиекөл ауданы

Реклама

Как говорил Ахмет Байтурсынов, «изначально газета – глаза народа, его уши и язык. Как человеку необходимы глаза, уши и язык, так и народу нужна газета». В этом смысле считаю газету «Учительская плюс» одним из передовых изданий нашей области. Потому что здесь не только учителя, но и ученики, студенты, а также их родители могут найти самую необходимую информацию. А для учителей в особенности «Учительская плюс» является платформой для развития профессиональных навыков и обмена опытом.

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.