Аудандық кино байқауы

Выпуск - №8(505)   :   24.02.2022
411

Амангелді аудандық білім бөлімінің жұмыс жоспарына сәйкес мектеп оқушылары арасында «Қазақстан балалары шексіз әлемде!» тақырыбындағы аудандық балалар киносы сайысының сырттай кезеңі өтті.

Байқау классикалық және заманауи өнердің озық үлгілерін игеру және орындау, дарынды балалар мен жастарды анықтау және қолдау арқылы оқушылардың жеке басының рухани мәдениетін қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылды. «Деректі кино», «Ойынды кино», «STOP-MOTION-видео», «Өткір әлеуметтік тақырыптық бағыттағы бейнеөнім», «Анимациялық кино», «Музыкалық клип», «Телевизиялық сюжет», «Киножурнал», «Ең үздік операторлық жұмыс» аталымдары бойынша өткізілген байқауға 14 жалпы білім беретін мектептер мен «Шұғыла» балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығы бойынша барлығы 37 жұмыс ұсынылды.

Қазылар алқасының шешімімен үздік жұмыс ұсынған қатысушылар анықталып, білім бөлімінің дипломдарымен марапатталды. «Киножурнал» аталымы бойынша І орынға Ернұр Қойшыбай (Ә.Боранбаев атындағы ЖББМ), ІІ орынға Диар Өлеңбаев (Амангелді ЖББМ), ал ІІІ орынға Гүлсая Бейсенова (Құмкешу ЖББМ) ие болды. «Деректі кино» аталымында І орынды Серік Айбекұлы (Б.Қолдасбаев атындағы ЖББМ), ІІ орынды Оралхан Қалижан (Жасбуын ЖББМ), ал ІІІ орынды Ақжүніс Әубәкірова (Тасты ЖББМ) иеленді.

«Ойынды кино» аталымы бойынша ІІ орынға Иманәли Құрманқұлов (Н.Мейірманов атындағы ЖББМ), ІІІ орынға Эльнура Мұханбетқали (Құмкешу ЖББМ) лайық деп танылды. «Анимациялық кино» аталымында І орын Ғибрат Меңдібаевқа («Шұғыла» балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығы), ІІ орын Айым Жақсылықоваға (Құмкешу ЖББМ), ІІІ орын Қарақат Әбдіғалымға (Рассвет ЖББМ) берілді. «Музыкалық клип» аталымы бойынша І орын Карина Жолдыбекке (Амангелді ЖББМ), ІІ орын Алданыш Қуанышбаевқа («Шұғыла» балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығы), ІІІ орын Зумрет Сапабековаға (Жаңа ауыл ЖББМ) бұйырды.

«Ең үздік операторлық жұмыс» атылымында ІІ орынды Аңсар Бейсенбек (Құмкешу ЖББМ), ІІІ орынды Сүндет Іргебай (Жалдама ЖББМ) иеленді. Ал «Телевизиялық сюжет» аталымы бойынша І орынға Қуаныш Қуанышбаев («Шұғыла» балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығы), ІІ орынға Диана Ғалымжан (Амантоғай ЖББМ) лайық деп танылса, «Өткір әлеуметтік кино» аталымы бойынша Маржан Елеубаева (Амантоғай ЖББМ) ІІІ орынды қанжығасына байлады. Және келесі «STOP-MOTION» аталымында ІІ орын Ақгүлім Қонысбекке (Құмкешу ЖББМ), ІІІ орын Ханзада Құланбайға (А.Нұрманов атындағы ЖББМ) берілді.


Әнет ЖҰМАБЕК,
Амангелді ауданы

ГЛАВНЫЕ НОВОСТИ

Путь, заданный великим учителем

Вчера в 14:44

Патриотическое воспитание

Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия

Вчера в 14:40

Профессиональное содружество

Эффективное взаимодействие педагогов и родителей

Вчера в 14:36

ДОШКОЛЬНОЕ ВОСПИТАНИЕ

История первого детского сада Лисаковска

Вчера в 14:33

ДОШКОЛЬНОЕ ВОСПИТАНИЕ

Актуально

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.