Әулетіне пана болған әкелер

Выпуск - №6(603)   :   15.02.2024
737

Арқалық қаласындағы Ы.Алтынсарин атындағы гимназияда 10 «А» сынып жетекшісі ретінде менің басшылығыммен «Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында: отбасылық құндылықтардың бала тәрбиесіндегі рөлі, әкелер мектебінің ықпалы» тақырыбында әкелер жиналысы өткізілді.

Жиналысты өткізу арқылы бала тәрбиесіндегі әке рөлінің маңызын, олардың қамқорлығы мен отбасылық міндеттері жайлы түсінік берумен түсіндірумен қатар мектеп оқушыларының түрлі келеңсіз оқиғаларға бой алдырмауы бағытындағы әкелердің жауапкершілігін арттыра отырып, жасөспірімдерді тәртіпті болуға, мектептің ережесін орындап, бір-бірімен дұрыс қарым-қатынас жасауға, отбасында ата-ананың тәрбиесін дұрыс қалыптастыруға тәрбиелеу мақсаты көзделді.

Іс-шараның басында өзара таныстық орнату үшін тренинг өткізілді. Тренинг додеакедрдегі сұрақтарға жауап беруден басталды. Сынып оқушыларының жетістіктері, тоқсан қорытындысы талданып, «Әкеме алғыс айтамын» тақырыбында балалардың әкелерге арнап жазған хаттары оқылды. Хатта балалар ішкі сезімдерін жасырмай, әкелеріне шынайы алғыстарын білдірген. Оқып отырып, жүрекжарды сөздерге тебіренбеген әке қалмады. Олар да өз кезегінде балаларына арнап жауап хат жазды. Артынша тәрбие берудегі өзекті мәслелер бойынша топтық жұмыс жүргізілді. Қатысушы әкелер жиналыстың жақсы өткендігі жөнінде кері байланыс берді.

«Бір әкенің тәрбиесін жүз мектеп те бере алмайды», – деп халқымыз бекер айтпаса керек. «Әке – асқар тау», «Анаға қарап қыз өсер, әкеге қарап ұл өсер» демекші, жарық дүние есігін ашып, ес білген сәттен бастап баланың нағыз қамқоршысы – әкесі. Бүгінгі ұрпақтың әлжуаз болып өсіп келе жатқанының бір себебі – әке беделінің төмендеуінен деуге болады. Сол себепті, осы бағытта білім ордаларында көптеп іс-шараларды ұйымдастырып, тәрбие жұмысына да әкелерімізге басымдық беру қажет деп есептеймін.


Ерсин КОНЫРШИНА,
Ы.Алтынсарин атындағы
гимназияның қазақ тілі мен
әдебиеті пәнінің мұғалімі,
Арқалық қаласы

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.