Қазақ әдебиеті апталығы аясында қазанның 17-сі күні облыстық деңгейде Қостанай қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына арналған ғылыми-практикалық конференция өтті.

Қазан айының 17-21 аралығында ұйымдастырылып жатқан әдебиет апталығы аясындағы негізгі іс-шаралар кітапханалар, мектептер және қазақ драма театрының базасында өтті. Назарбаев Зияткерлік мектебінде өткен конференция мақсаты – Ахмет Байтұрсынұлының қазақ тілін дамытуға қосқан үлесі, ғалым-ағартушының еңбектерінің маңызы, ғылыми көзқарасының бүгінгі өмірмен сабақтастығы, педагогикалық саласында көрініс тапқан идеялармен таныстыру және насихаттау.
Конференцияға өңірдегі белгілі танымал тұлғалар, ахметтанушы, ақын Серікбай Оспанов, филология ғылымдарының докторы, профессор Алмасбек Әбсадық, Қостанай педагогикалық колледжінің оқытушысы Биалаш Сүйінкина, І.Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театрының әдебиет бөлімінің меңгерушісі Абылай Мауданов және облыс педагогтері қатысты.

Жиынның басты қонақтары ұлт ұстазының өмірі мен еңбегін зерттеу бағытында баяндама жасап, көл-көсір мұрасы туралы тереңнен сөз қозғап, биыл мерейтой қарсаңында ұйымдастырылған «Ахмет жүрген ізбенен» ғылыми экспедициясының қорытындысы туралы айтып берді. Педагогтер қауымы да Ахаң еңбегін насихаттау, оқыту тұрғысындағы ой-пікірлерін ортаға салды. Конференция соңы секциялық жұмыстармен жалғасты.
– Ахаңның мерейтойы еліміздің түпкір-түпкірінде аталып отыр. Соның бір көрінісі Назарбаев Зияткерлік мектебінде жүргізіліп жатыр. Оған біз қуаныштымыз, себебі жоғары оқу орын мен орта білімнің бір-бірімен байланысы әрқашан да қажет. Ахмет Байтұрсынұлының шығармашылығын насихаттай отырып, оның ғұмырындағы тағылымдық дүниелерді ұстаздар мен оқушыларға жеткізе отырып, ол кісінің мұрасын, шығармашылығын кеңінен тануға осындай жиындар жол ашады деп есептеймін, – дейді Алмасбек Әбсадық.

– Биыл «Ахаң жүрген жолмен» 35 мың шақырымға созылған, үш бағыттан тұратын танымдық мақсатта саяхат жоспарланған еді. Оның ішінде Ресейдің Челябі қаласынан бастап Орынбор-Уфа-Мәскеу-Архангельск бағытта, Қазақстанның ішінде Астана, Қарқаралы, Семей, Алматы, Ақтөбе, оның сыртында Баку қалаларын саяхаттап қайттық. Ғылыми тұрғыда бір мақалаға, бір сапарда оны сыйғызу мүмкін емес. Бұл кісінің сан салалық қыры бар, сондықтан біздің тапқанымыз ең алғаш қазақ еліне әкеліп видеоларын көзайым еттік. Архагельскіде тұтынған бұйымын, мекен еткен үйін көріп, бейнематериалдарын алып келдік. Осы дүниелер қазақ үшін қымбат деп ойлаймын. Ең құнды тапқан дүниеміз – Ахаңның қайтыс болған жерінен топырақ алып, оны туған ауылында халық салған кесенесіне апарып жерледік. Біздің экспидициямыздың атқарған маңызды істерінің бірі – Орынбор қаласында Ахаңның туыстарын таптық. Міне, осылардың барлығын конференцияда талқыға салдық, – деп бөлісті экспедиция мүшесі Абылай Мауданов.
Абылай ҚАСЫМОВ
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.